Армысың әз Наурыз!
Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа.
Ұйымдастыру.
1 - жүргізуші.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлетбүгін!
2 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын! 35 мектеп - гимназиясының оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлына беріледі.
1 - жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Қазақ биі
2 - жүргізуші:
Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің баро алаңдар
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар!
1 - жүргізуші:
Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші. Әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Иманбай ақсақалдың ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге борлыңыздар.
(Ауыл бейнесі. Ортада стол, Ата, немересі, келіні)
Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?
Ата: Балам - ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал - жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.
Немере: Рахмет Ата келесіде біліп жүретін боламын.
(Жастар келеді: Айжан, Жазира, Тұрарбек, Сағатбек, Ақжелең, Жанель) Аталарына көріседі.
Тұрарбек: Ата наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге көрісіп кетуге келдік.
Ата: Ия балам өркенің өссін!
Көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл сайын наурыздың 14 - інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке - шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді.
Айжан: Ата мерекеңіз арнап бір ән шашу дайындап келдім. Соны орындап берейін.
Ән: «Шақырады көктем» орындайтын: Мусағалиева Айжан
(Келіні көже ұсынады) Әңгіме айтып отырады.
(Пошташы жігіт келеді. Рольде Амангелдиев Ерболат)
Ерболат: Ассалаумағалейкүм атай!
Мерекеңіз құтты болсын! Жылдағы дәстүр бойынша ауыл әкімінің сізге арнаған құттықтамасын ала келдім. Біздің жұмысымыз осы. Алысты жақындатып, жақсы тілектерді жеткізушіміз.
Ата: Ия балам рахмет! Қандай жаңалығың бар. Айта отыр.
Келіні: Дәм алыңыз.
Пошташы: Алып отырмын. Алда үлкен сайлау келе жатыр. Үлкен дайындық жүргізілуде. Алда тек еліміз аман болсын, қариялар сіздер ақылшы болып жүре беріңіздер.
Ата: Тілегің орындалсын. Аман жүр.
(Пошташы кетеді.)
Ата: Әңгімелеріңді айта отырыңдар.
Жүрген жерлерің аман ба?
Жанель: Ата біз сіздің мерекелік көңіл күйіңізді көтеруге келдік. Мен де жан құрбыларымнан қалыспай бір әнімді орындап берейін.
Ән: Наурыз - думан. Орындайтын: Жолдасова Жанель
Ата: Әй, келінжан бүгін біздің үй үлкен думанға айналдығо. Айғаным құдағайды шақырып, немеремізді бесікке салдыртып алайық.
Келіні: Ата менде соны ойлап отыр едім. Бәрі дайын болады. Әй қайным сен құдағиға барып кел, мен қыздармен бесіктойға дайындық жүргізейін.
1 - жүргізуші:
Өздеріңіз байқағандай Ұлыстың Ұлы күні – жаңа күн дегенді білдіреді. Сондықтан бұл күн жаңалық, қуаныштан басталады.
2 - жүргізуші:
Жаңалықтарды ел жұртымыз құптап, қуанышымызға ортақ болды. Иманбай ақсақалдың ауылыда тек жақсы жаңалықтарға толы екен. Бәріміз бірге бесік тойын тамашалайық.
1 - жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын ата мекен кең далам.
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.
2 - жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
(құдағай келеді)
Бәрі көріседі.
Ата: Құдағай мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Думан ақсақалды да шақырттым, немеремді бесікке салдырайын деп жатырған жайымыз бар. Сізді арнайы шақыртып жатырмын.
(барі жиналып отырады, баланы әкеледі)
Ата: Немеремнің атын қоюды Думан ақсақалға жолдап жатырмын. Думанның алдына баланы апарады.
Думан: Сенің атың Наурызбек. Үш рет қайталайды.
Әкеңнің аты Қадырбек.
Атаңның аты Иманбай.
Анаңның аты Айғанша.
Бақытты бол.
(Келіні Айғаным құдағайға баланы апарады.)
Ата: Құдағай немерем сізге тартсын деп бесікке салуды ұсынып жатырған жайымыз бар. Қолыңыз жеңіл болсын құдағай. Рахмет құда.
(бесікке салу дәстүрі)
Әлди - әлди ақ бөпем, орындайтын: Айғаным құдағай.
Ән: Шілдехана. Орындайтын: Байғалиев Мақсат
Ата: Құдағай, Думан ақсақал. Бүгін жастар жиналып қалыпты. Біздер Қадырбай ақсақалға барып көрісіп қайтайық. Келіңдер наурыз бата берейін. Жастар «Бастаңғы» жасасын.
Құдағай: Барсақ барайық наурызбен құттықтап қайтайық.
1 - жүргізуші: Бастаңғы дегеніміз қазақ халқында үлкендер үйде болмағанда жастардың жиналып қызықты отырыстар ұйымдастыруы.
1 - жүргізуші: Түрлі - түрлі ұлттық ойындарды ойнауы.
Арайлым: Ал қане жастар бастаңғымызды бастайық. Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық.
(Жастар жиналады. Арайлым сақина салып жүреді.)
Қане менің сақинам кімде екен, ортаға шық. 1 - 2 рет ойнату керек.
(Мерей ұсталып қалу керек.)
Әсия: Қане айыбыңды қалай өтер екенсің?
Мерей: Наурызда ән айтпай, би билемей кету айып болар. Қазақтың ұлттық биіне айналып жүрген «Қаражорға» биін билеп берейін.
(Бәрі билейді.)
1 - жүргізуші: Өздеріңіз тамашалағандай, көрісу,
2 - жүргізуші: бесікке салу, ұлттық ойындар жыл сайынғы наурыз мерекесі сайын аталып өтіледі.
1 - жүргізуші: Наурыздың нағыз сәні ол наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады.
2 - жүргізуші: Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?
1 - жүргізушңі: Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ:
Дүние – үлкен көл
Заман – соққан жел.
2 - жүргізуші: «Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.
Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір - бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.
1 - жүргізуші: Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.
2 - жүргізуші: Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді - дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.
1 - жургізуші: Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырыздығы кем болады дейді.
2 - жүргізуші: Көже пісіріп, қазан - ошақ басында жүргендерді шақырып, ақсақал аталардан бата сұрайық.
Көже істеген келіңдер,
Көпке жаққан елшіл бол!
Бата беру
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін
Пәле - жәле жерге енсін
Ұлыс күні кәрі - жас,
Құшақтасып кәрі - жас,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жұмырасып өріскен,
Шалдар бата беріскен
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Менің берген бұл батам
Алланың құлағына шалынсын! Әумин!
1 - жүргізуші.
Жарқырасын Атыраудай жеріміз!
Асып - тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2 - жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
1 - жүргізуші:
Осымен оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
2 - жүргізуші:
Наурыздан – наурызға аман есен жете берейік!
Атырау қаласы Жұмыскер кенті
№ 35 мектеп - гимназиясының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тәжбентаева Зульфия Сайлаубайқызы
Армысың, Әз-наурыз
- Нұргүл-76
- 14 наурыз 2014
- 33975
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Наурыз, іс шара, наурыз ертеңгілік, 22 наурызға арналған сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...Армысың, әз Наурыз!
Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды...Ұлыстың ұлы күні (мектеп пен бала бақша сахнасына)
Авторы: Ақылбек Шаяхмет Ұлыстың ұлы күні (мектеп пен бала бақша сахнасына)...Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
Наурыз тойы – тамаша Наурыз тойы – жаңаша Табиғат та тамаша Тамылжып тұр жараса...Наурыз бата
Наурыз бата - Наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы басқа...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.