Сайтқа кіру Тіркелу

«Наурыз мерекесі» көрінісі (сценка)

«Наурыз мерекесі» көрінісі (сценка)
Көңілді әуен.
Алтынай. Ерте заманнан бастап халқымыз Наурыз мерекесіне алдын ала дайындық жасайды.
Тамерлан. С давних времен у казахов было принято заранее готовиться к празднованию Наурыза.
София. Женщины убирали жилище, мужчины расчищали арыки и родники, сажали деревья.
Сахнада киіз үйдің бөлшегі көрінеді.
Қыз бала киіз үйдің ішін сыпырып, жинап жүр (София).
Әйелдер далаға кілемдерді, көрпешеңдерді, жастықтарды шығарып, оларды қағып, үйлеріне еңгізеді (Амина, Милана).
Әжелер есік алдында күннің көзінде жылынып отыр (Алуа, Таис).
Ер адамдар қолдарына кетпен, тырнауыш алып арықтарды тазалап, бұлақтардың көзін ашса (Тамерлан, Әлихан), ал қариялар «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп тал егеді (екі жас жігіт күрек ұстап, тал егіп жатыр) (Ескендір, Әділжан – Тимур, Алдияр)
Әділжан. Балалар, мына бұлақтың көзін тазалаңдар.
Ескендір. О, халқым, «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген сөз бар еді!
Әділжан. Бұлағымыз тазарып, су ағып, жақсы болып қалды ғой!
Екі шал аяндап тал еккен жерге кетеді, ал әжелер мен қыз бала қолдарына тостаған ұстап, бұлақтың қасына барып арық көзіне май құяды.
Алуа. Жер Ана, мына еліме құт дарыт, жарылқа!
Таис. Тәубе, құт дарысын!
Екі шал аяндап тал еккен жерге жетеді.
Ескендір. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
Әділжан. Иә, дұрыс. Еккен талымыз үлкен ағаш болып өссін.
Қыз - келіншектер еккен ағаштардың қасына барып, ақ бүркеді.
Амина. Армысың, қайырымды, Күн Ана! Еліме құт дарыт!
Милана. Құт дарысын! Жарылқа!

«Қырқынан шығару» салты (3в сынып)
Жүргізуші 1. Сәбиге қырық күн толғанда, туыстары «қырқынан шығару» деген салтты жасайды.
Жүргізуші 2. Когда новорожденному малышу исполняется сорок дней со дня рождения, семья устраивает той «қырқынан шығару».
Әжей 1. Бүгін Ұлжан құдағиымыздың шөбересі Талғат қырқынан шыққалы отыр. Ол үшін баланы қырық қасық суға түсіреміз: бір, екі, үш... бірге санаймыз... отыз тоғыз, қырық.
Әжей 2. Жарқын болсын деп, күмістей салмақты болсын, алтындай алғыр болсын деп, әжесі жинаған тиындарын, сақиналарды суға саламыз.
Әжей 1. Басынан бастаймыз: басың ақылды болсын. Көзін жуамыз көзің көреген болсын, құлағын жуамыз құлағың естігеш, мұрынды жуамыз мұрның иіс сезгіш, аузын жуамыз тілге шешен бол деп.
Әжей 3. Енді аяғын жуамыз жүйрік болсын, жұмсағанда жүгіріп барып тұрсын, жалқау болмасын, қолын жуамыз қолы шебер болсын, қолы ашық болсын, мырза болсын.
Әжей 2. Денесін жуамыз: 30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын деп тілейміз.
Әжей 1. Орамалға орап алайық. Енді қарын шашын, тырнақтарын аламыз, ырым жасап жатырмын.
Әжей 1. Мінеки, қызым, ұста балаңды. Құтты болсын, Талғат үлкен аза - мат болсын!
Анасы (Аружан) баласын алып, бесікке салады
Анасы (Аружан) Қадірлі қонақтар! Ал енді үстел басына барып, жайғасайық!
Барлық әйелдер қонақ бөлмесіне барады. Үстел басында ер адамдар отыр.
Әкесі (Даниал) орнынан тұрып, үлкендерге орын береді.
Әкесі: Төрлетіңіз, әжей. Жайғасыңыз!
Құтты болсын!
Бауы берік болсын!
Талғат үлкен азамат болсын!
Әжей 3. Құтты болсын! Талғат үлкен азамат болсын!
Үйлеріңізде де осындай той болсын!
Әжей 3. Ал енді, ақсақал, Талғатқа бата беріңіз!
Ақсақал. Жыл жемісті болсын,
Жолың ашық болсын,
Сүт теңіздей ағып,
Мол бақыт пен қуаныш әкелсін.
Әумин!
Тұсау кесер тойы
Жүргізуші 1. Жас бала жүре бастағанда, туыстары тұсау кесер тойын өткізеді.
Жүргізуші 2. Когда ребенок начинает ходить, семья проводит тұсау кесер той.
Қонақтар үйге кіріп жатыр. Үй иелері қонақтарды қарсы алып жатыр.
Қонақ қыз: Сәлеметсіз бе! Тойларыңыз құтты болсын!
Әке: Сәлеметсің, балам. Қош келдің!
Ақсақал. Ассалам уағалейкум! Қуаныштарыңыз құтты болсын!
Әке: Уағалейкум ассалам, ақсақал! Төрлетіңіз! Қош келдіңіз!
Ана: Сәлеметсіз бе, ата! Төрлетіңіз!
Үстелдің басынан әжелері тұрып:
Әже: Амансың ба, Бәке!
Ақсақал: А - а - а, Сәулетай! Денсаулық, қал - жағдайың қалай? Қуанышың құтты болсын!
Әже: Рахмет, төрге отыр, Бәке.
Құрметті қонақ и Айсұлу: Сәлеметсіздер ме?! Той тойға ұлассың, қуаныштарын құтты болсын!
Әке: Амансыз ба?! Төрлетіңіз!
Ана: Сәлеметсіз бе, Айсұлу апай!
Құрметті қонақ и Айсұлу: Боташка, сәлем! Тойларың құтты болсын!
Ана: Рахмет! Төрлетіңіз!
Әже: Ал енді, құрметті қонақтар, біздің балапанымыз Дамелидың тұсау кесу рәсімін өткіземіз. Балапанымыздың тұсауын балалардың достары құрметті қонағымыз Айсұлу кеседі.
Ақсақал: Бәрі келді! Жай адам тұсауын кеспейді!
Қонақ қыз: Тамаша!
Жүргізуші 1. Почетная миссия - разрезать путы - обычно предоставляется человеку уважаемому, успешному, который, считается, свои хорошие качества передает ребенку.
Жүргізуші 2. Кесуші завязывает на поясок Дамели кармашек (қалта) со сладостями, он символизирует бремя, которое тяготит ребенка.
Құрметті қонақпенен Айсұлу: Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын,
Ішіне тәтті сайладым,
Қиындықты қашырсын!
Баланы ақ төсеуіштің алдына қойып, кесуші тұсауын байлайды.
Құрметті қонақ и Айсұлу:
Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,
Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп - өнсін дегенім,
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім
деп баланың тұсауын кеседі, Алиша мен Айдана ақ жолмен баланы жүргізіп
Қаз - қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Құрмеуінді шешейін,
Тұсауынды кесейін.
Барлығы: Құтты болсын! Баламыз жүгіріп кетсін!
Дамели жүгіріп кетсін!
Әже: Тойға шашу шашылсын!
Халқымның нұры тасысын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×