Сабақтың тақырыбы: «Ғасырдың дара перзенті»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметімен таныстыра отырып, Д. А. Қонаевтың мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым және қазақ елінің жанашыр патриоты болғандығын көрсету.
Көрнекілігі: тарихи тұлғалардың суреттері, слайд, ватман қағаздар, маркерлер
Пән аралық байланыс: әдебиет,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу түгендеу, оқушыларды төрт топқа бөлу және назарын сабаққа аудару.
ІІ. Ой қозғау.
Тақтада көрсетілген суреттер арқылы оқушылар Д. Қонаев туралы не білетіндері туралы ой бөліседі. Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтар қою арқылы оқушыларды ойландыруға тырысады.
Сұрақтар:
Суреттерде кім бейнеленген?
Осы тұлға туралы не білесіңдер?
Осы тұлғаның өлкеміз Маңғыстаумен қандай байланыс бар?
Неліктен Қазақстанның көптеген қалаларында оған арналған ескерткіштер ашылған?
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, Д. А. Қонаев халықтың құрметіне ие болғанын анықтап, болжайды.
Оқушылардың көмегімен мұғалім Д. А. Қонаевтың қазақ тарихында алатын орынын анықтауға жұмыстанады.
Мұғалім биыл Д. А. Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына байланысты мерейтойына орай өткізіліп жатқан сабақ екенін түсіндіріп кетеді.
Қонаев туралы мәліметтердің мектеп оқулықтарында өте аз кездесетіндіктен өзі қайраткер туралы дайындаған слайд арқылы оның қызметіне аздап тоқталып кетеді.
Мұғалімнің сөзі:
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912 — 1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы. Мәскеу Түсті металл алтын институтын бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, бұрғылау станогының машинисінен директорына дейін көтеріледі.
1942 — 52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.
Қонаев 1955 — 60 және 1962 — 64 жылдары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,
1960 — 62 және 1964 — 86 жылдары. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды.
Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д. А. Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
1993 жылы 82 - жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
Оқушылар мына аспектілерді басшылыққа ала отырып, зерттеу жүргізеді.
1 топ. Д. Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері.
2 топ. Д. Қонаев - академик, ғалым, зерттеуші.
3 топ. Д. Қонаев – ұлттық мәдениеттің жанашыры
4 топ. Д. Қонаев - өнеге тұтар патриот
Оқушыларға Д. А. Қонаевтың бейнесін ашу үшін арнайы дайындалған таратпа метриалдар таратып беріледі. Оқушылар бір - бірімен ақылдасып, өздеріне тапсырылған тақырыпқа сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Топтардың өз тақырыбын қорғауы. «Мозайка» әдісі. Әр топ өзінің спикерін басқа топтарға жібереді, әр топқа өз тақырыбын қорғауға 2 мин уақыт беріледі. Осы әдіспен б топтар басқа топтардың таныстырылымымен танысып шығады.
Топтар бірін - бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Топты бағалау критерийлері:
Тақырыптың ашылуы
Анық, түсінікті айтуы
Уақытқа бағыну (2 - мин)
IV. Сабақты бекіту.
Мұғалім оқушылардың айтылған пікірлерін қорытындылай келе, Сабақты жинақтау мақсатында келесі тапсырманы береді.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты ғасырдың дара перзенті деп санауға болама? Деген сұрақ қойылады.
Оқушылар ПТМС - формуласы бойынша сұраққа толық жауап береді.
Позиция (мен солай санаймын,
Түсіндіру (.... себебі, )
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)
V. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың сабақты қалай түсінгенін анықтау мақсатында кері байланыс алынады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
«№13 гимназиясы» КММ
Шегебаева Г. Т
Д.А.Қонаев ғасырдың дара перзенті
- гулсим
- 12 қаңтар 2022
- 10379
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Қонаев туралы ашық сабақ, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, қонаев туралы тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Көрнекті қоғам және...Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге...1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақтың мақсаты: - Қазақстандағы 1986 жылы желтоқсан оқиғаларының себептері, салалары туралы түсінік беру; - Желтоқсан құрбандарының ерлігіне баға...Қонаев - ғасыр адамы
Сабақтың білімділігі: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және...1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні
Мақсаты: оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.