12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі
Мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін - өзі белсенді етуге дайындау, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейімдеу, бәсекеге қабілетті және шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Міндеті:
1. Баланы өзіне жақын тарту.
2. Оқушының жан – жақты дамуы.
3. Өз пікірі мен ойын ашық жеткізуі.
4. Келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуы
5. Шығармашылық әлеуетін толық іске асыруы.
Бастауыш мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін - өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы білім берудің ірге тасы болып саналатын бұл буынның өзіндік ерекшелігі, мәні мен маңызы зор. Білім беру саласындағы өзгерістер де алдымен бастауыш сатыдан басталады. Осы аталған оң өзгерістерді жүзеге асыру үшін бастауыш сынып мұғалімі сол білімдермен өзі қаруланған болуы тиіс.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым – қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай - ақ қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім берудің басты ерекшелігі – баланың жан - жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін - өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, саяси өмірге араласуға мүмкіндік береді.
12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан туындайтын жаңа оқыту технологияларын енізуді талап етеді.
12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы Халық педагогикасын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрыптарды жан – жақты, терең білетін 12 жылдыққа көшу мәселесі – біздің еліміздің, ұлттық өнеріміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі. Біздің мемлекетіміздің бүгінгі жайы, ертеңгі даму көкжиектері Қазақстан Республикасының тұтастай даму болашағын айқындайтын бірден – бір фактор деуге болады.
А. Байтұрсынов:
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы.
Яғни мұғалім білімді болса, білім біліп шықпақшы. Сондай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.»
12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі
- Айголек
- 18 мам 2013
- 12331
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі
Ұқсас жаңалықтар:
Мұғалімнің құзіреттілігін дамыту - білім берудің сапасын жақсартудың негізі
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге...12 жылдық білім беруге көшу жағдайы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы, №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шокибаева Рима...12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің ақпараттық ...
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы...12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дай ...
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №170...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.