Сайтқа кіру Тіркелу

Жағымды естеліктерді аралату

Бүгінгі «Жағымды естеліктерді аралату» тренинг сабағымызға қош келдіңіздер. Тренингімізден жақсы көңіл – күймен шығасыздар деген ниеттеміз.
Мақсатымыз: ұстаздарымыздың көңіл – күйін сергітіп жан күйзелісін тыныштандырып жағымды естеліктерге толтыру.
Міндетіміз:
— Ұстаздарымыздың көңіл – күйлерін көтеру.
— Жылулық, қуаныш сезімдерін молайту.
Жеке тұлғаны геометриялық фигуралар арқылы зерттеу.

«Психометриялы типология»
Ұстаздарымызға үшбұрыш, төртбұрыш, домалақ, тіктөртбұрыш, зиг-заг фигуралардың біреуін таңдап алу керектігі ұсынылады. Таңдаған фигураларына қарап ұстаздардың психологиялық мінездемесін айтып береміз.

Төртбұрыш – ұйымдастырғыш, дәлдік, бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаудың нұсқауы, бөлшектерге байқампаз, ақпаратқа хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табандылық шешімге деген нақтылық, ұстамды, еңбек сүйгіш, достары және таныстары шағын.

Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынады, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, өз - өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, сезімі күшті, батыл, қауіп қатерге жақын, шыдамсыз, күшті саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым – қатынасы кең, жақын достары мен ортасы шағын.

Тіктөртбұрыш – көңіл – күйі өзгермелі, өз - өзін қадағаламайды, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз - өзін төмен бағалайды, өз - өзіне сенімсіз, сенгіш, қозғыш, барлық жаңа қозғалыстарға қызығады, жылдам, көңіл – күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, ұмытшақ, киімін жоғалтқанға бейім, тиянақсыз, жаңа достар, адамдар мен достарының басқа қылықтарын қайталайды, жарақаттанғыш, жол көлігінде жолы ауырлау.

Домалақ – қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайды, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге өз көзқарасын дәлелдейді, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, жұмысқа ынталы, өз күндерін қадағалайды, достары мен таныстары көп.

Зиг-заг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, білімге ынталы. Түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын – сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды.

«Адам Ағаш Үй» әдістемесі.
Ұстаздарымызға «Адам Ағаш Үй» суретін салуды ұсынамыз.
Қажетті құрал жабдықтар: ақ парақ, қалам, түрлі – түсті қарындаш.
Зерттеу нәтижесі: егер ағаш бірінші болып салынса – адамға өмірлік энергия маңызды, ал егер бірінші үй салынса қауіпсіздік бірінші орында.

«Үй»
Ескі үй өз - өзіне қарым – қатынасты білдіреді.
Алыс үй – қуылған сезім.
Жақын салынған үй – ашықтық.

Үй жоспары – ұрыс.
Артқы дуал – өзін - өзі бақылауға талпыну.

«Есік»
Есіктің жоқтығы – басқаның алдында өзін - өзі аша алмайды.
Есіктің артта немесе жанында болуы – бір нәрседен қашу.
Егер есік кіші болса – адамның шешім қабылдай алмауы.
Есікте үлкен құлып болса – тұйық болуы.

«Терезе»
Терезе үйдің соңында салынса – тұлға аралық қарым – қатынастарға қарсылық.
Терезе ашық болса – адамның мінезі тіке.
Терезе жабық болса – уайымшыл адам.

«Шатыр»
Шатыр өте қалың болса – дабыл (тревога).
Шатыр жұқа болса – фантазияның жоғарылығы.
«Ағаш - әртүрлі адамдарды сипаттайды»
Жол – адам басқалармен жақсы қарым – қатынасқа түседі.
Күн – авторитетті фигураның символы.
Ауа райы – субъектінің уайымын көрсетеді.

«Түс»
Адам соншалықты ұзақ уақыт түс таңдаса – тұлғаның бұзақылық белгісі.
Қара – өмірге оптимизммен қарауға қорқу немесе жұмбақтылық.
Жасыл – тепе – теңдік ұстану.

«Адам»
Үлкен бас – адам өзін жоғары санайды.
Кіші бас – интеллектінің толымсыздығы.
Кішкентай иық – өзінің керексіздігін сезіну.
Дене квадрат болса – ер мінездік.
Бет сызылса – өзінің сыртқы көрінісін уайымдау.

«Құлақ»
Құлақ өте үлкен болса – есту галлюцинациялары болуы мүмкін.
Өте кіші құлақ – критиканы қабылдауға ұмтылу.

«Көз
Ұзын кірпік – тәлпіштік.
Үлкен көз – дөрекі.
Кіші көз – өз - өзіне ену.
Ситуациялық сұрақтардан ұстаздарымыз қалай шығып кететінін анықтау.
Алдыңыздан үлкен сарай шықты н істер едіңіз.......
Романтикалық махаббатқа менің көзқарасым........
Егер менің көңіл күйім бұзылса, онда.........
Егер бастық менің жұмысымды әділетті бағаламаса, онда.......
Мен көңілді ортада жүргенді ұнатамын, егер.....
Сіз кофеге жолдасыңыздың рұқсатынсыз бардыңыз, жақсы көңіл күйде отырғанда алдыңыздан жарыңыз шықты, сіздің әрекетіңіз......
Адамдар сіздің мінезіңізді жақсы деп есептемейді, сіздің әрекетіңіз.....
Ең жақын досыңыз сізді алдап кетті......
Сіздің көңіл – күйіңіз неге және кімге байланысты......

Сіздің ұраныңыз әрдайым қағидаңызға қарсы келеді, сіздің әрекетіңіз.....
Әйел кісіге үйренген көптік қыла ма, әлде....
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық мақалына көзқарасыңыз.....
Балаларыңыз сізді қаншалықты жақсы көреді деп ойлайсыз....
Жан – жарыңыз сізге күтпеген жағдайда сыйлық жасады, әрекетіңіз......
Үлкен балға шақыру хат келді, әрекетіңіз....
Асыңыз дәмді болуы үшін не істейсіз, әрекетіңіз....
Оқушыңыз сізге білдірмей теледидардан сізге сәлем жолдады.....
Өзіңізге адамдарды қаратқанды қаншалықты қалайсыз.....
«Жағымды естеліктерді аралату» жаттығуы.

— Ыңғайлы отырыңыз өйткені, сіз ыңғайлы отырғанда жеңіл және жеңіл оңай босай аласыз (жақсы рахмет жарайсыз).
— Ал қазір мархабат өзіңіздің көңіліңізді және назарыңызды сіз қалай отырғаныңызға аударыңыз.
— Сіз қалай орындықтың (диван, кресло, стол) арқасына жанасып отырғаныңызды аңғарыңыз, сезініңіз.
— Назарыңызды сіз орындықта қалай отырғаныңызға аударыңыз, сізге ыңғайлы ма, әлде жоқ па?
— Өйткені сіз ыңғайлы отырсаңыз жеңіл – жеңіл босаңсыйсыз.
— Сіздің қолдарыңыз сіздің аяқтарыңызбен қалай жанасып тұрғанын сезінуі мүмкін.
— Және сіздің алақандарыңыз аяғыңызға жанасып тұрғандықтан аяқтарыңыздан сезініп жатқан жылулықты сезінуі мүмкін.
— Сіздің қолдарыңыздың алақандары сіздің саусақтарыңыздың жылулығын сезініп жатқанда сіздің табандарыңыз аяқ киіміңізді немесе еденде қалай тұрғанын сезінуі мүмкін...
— Және өзіңіздің назарыңызды алып оны өзіңіздің кеудеңізге аударуыңызға болады, және қалай сіз тыныс алып жатқаныңызға көңіл аударыңыз, өйткені сіз тыныс алғанда сіздің кеудеңіз жоғары көтеріледі және кеңейеді.
— Ал дем шығарғанда сіздің кеудеңіз төмендейді және босаңсиды, ауа сізден оңай – оңай жеңіл – жеңіл шығады және әрбір дем шығарған сайын көбірек – көбірек босаңсыйсыз.
— Ал қазір сіз өзіңіздің бетіңізді босаңсыта аласыз.
— Қараңыз бетіңіз босаңсыған ба әлде жоқ па? Бетіңіз босаңсыған бетіңізбен барлық денеңіз де босаңсыйды және босаңсу жаймен сіздің денеңізге түседі.

Көз жұмдыруға нұсқау.
— Өзіңіздің көздеріңіздің еріндеріңіздің ұрттарыңыздың бұлшық еттеріне назар аударыңыз. Олар да босаған.
— Сіздің көздеріңіз жабылуы мүмкін, ал мүмкін жабылмауы да мүмкін. Өйткені көзіңіз жабылған кезде жабық көздермен де сіз өзіңіздің ішкі жан дүниеңізде келіп жатқан кейіпкерді (образдарды) суреттермен жағымды естеліктеріңізді оңай әрі жеңіл көре аласыз және елестете аласыз.
— Шулар мен дыбыстарды жоюға немесе клиенттің қабылдауын төмендетуге немесе мүлдем жоюға арналған.
— Бұл бөлмеде әртүрлі дыбыстар мен шулар бар. (терезеде шу болса, бөлмеде адамдар бар болса, машинаның дыбысы)
— Бірақ сіз бұл дыбыстар мен шулардың барлығын өзіңізге жағымды ұнамды, кез – келген дыбыстарға ауыстыруыңызға болады. Яғни сізді бұл жағдайға, қызықты жағдайға ендіретін ұнамды жағымды дыбыстарға айналдыруға болады.
— Егер менің сөздерім мен дауысым сіздің жағымды естеліктеріңізбен кейіпкерлеріңізбен сәйкес келмесе сіз менің сөздеріммен дыбыстарымды дауысымды ағып жатқан өзен сулары тасты қалай айналып өтсе сіз де менің сөздеріммен дауысымды айналып өтуіңізге болады.
Естелікке апару.
— Ал қазір мен сізді өзіңізге ұнамды жағымды естеліктерді есіңізге түсіруіңізді сұраймын.... нұсқау.
— Ал қазір сізге жағымды ұнамды естеліктер келе бастайды және сіз ең жағымды ең ұнамды естелікті таңдайсыз және сол ұнамды жағымды естелікке енесіз.... нұсқау.
— Адам жағымды естеліктерді есіне түсіргенде ол сол жағымды ұнамды естеліктерге ене бастайды, және ол естелік қайта жанданады барынша күшейеді және көбірек айқындала бастайды.
— Мен білмеймін ол қандай естелік және мен білмеймін жылдың қай мезгілі тәуліктің қай уақыты және қандай жағдай....
— Айналасында адамдар бар ма әлде жоқ па мен білмеймін....
— Және бұл естеліктің өзінің дыбыстары бар сол жерге және естелікке тән болуы мүмкін, ұнамды ерекше иістері бар шығар.
— Осы естелікке тән болуы мүмкін дәмді сезімдері бар шығар және мен сізді осы естелікте болуды сұраймын осы жағымды ұнамды естелікте қаншалықты сізге қажет болса сонша уақыт болуыңызды сұраймын.
— Бұл жағымды ұнамды естелік сіздің мәселеңізді шешуге жағымды ұнамды естелік үлкен көмегін тигізеді. (1 - 2 минут пауза)
— Ал қазір өзіңізге қанша уақыт қажет десеңіз сонша уақыт алыңыз. (1 - 2 минут пауза) Содан соң өзіңіздің қалыпты жағдайыңызға оралыңыз.
— Мүмкін сіз транс жағдайынан шыққанда өзіңізді жеңіл тыныққан күйде сезінуіңіз мүмкін.
— Қажетті мәселені шешу үшін және оңай қалыпты сезіммен аралау үшін осы жағдайдың ресурсын алып өзіңізге қажетті уақытта бөлмеге оралуыңызға болады.

Ойын «Ыстық лебіз білдіру»
Мақсаты: Ұстаздарымыздың көңіл – күйін көтеру.
Ережесі: Екі қатарға тұрып, ортамыздан бір ұстаздың көзін жұмғызып өткіземіз. Екі жақта тұрған ұстаздар ортадан өтіп бара жатқан ұстазға өз тілектерін, жылы лебіздерін айтып шығады.
Сабақты қорытындылау: ұстаздарымыздың тренинг сабағымыздан алған әсерлерін сұраймыз. Тренинг сабағымызға кірмес бұрын ұстаздарымыздың көңіл – күйлері қандай еді, сабақ соңында қандай болды. Әрбір ұстаз өз пікірлерін айтып шығады.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы
«Достық» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагог – психолог: Джандарова Нагима Курбановна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×