Сайтқа кіру Тіркелу

Жылу, электр, жарық құбылыстары (факультатив жоспары)

Жылу, электр және жарық құбылыстары 8 - сынып.
(аптасына – 1сағат, барлығы - 34 сағат)
ҚӘК әдіскері
№42 «Ақ ниет» гимназиясының физика пәні мұғалімі А. К. Еслямова
Түсінік хат
Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушыларға қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер оқушылардың танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады. Физика - эксперимент пен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады.
Курстың өзектілігі: Жылу, жарық, электр құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;
Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері туралы, физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды экспериментте қолдану туралы қажетті білім береді. Практикалық бөлім фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады. Фронтальды зертханалық жұмыстар курстың теориялық материалын тереңдетумен қатар оқушылардың біліктерін қалыптастырады.
Курстың мақсаты және міндеттері:
Курстың негізгі мақсаты - ғылыми білімнің ілгері негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету. Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Паскаль – программалау тілі» қолданбалы курсы

«Паскаль – программалау тілі» қолданбалы курсы

Курстың негізгі мақсаты: Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай...
Жылу, электр және жарық құбылыстары  8- сынып (тақырыптық жоспар)

Жылу, электр және жарық құбылыстары 8- сынып (тақырыптық жоспар)

Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері...
Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.

Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.

Токтың жұмысы джоульмен (Дж) өлшенеді: 1Дж= 1А*1В*1с...
Жылу құбылыстары тақырыбына есептер шығару

Жылу құбылыстары тақырыбына есептер шығару

Қарағанды қаласы № 6 ЖББОМ Физика пәнінің мұғалімі Жусупбекова С. И...
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс

Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс

Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×