Сайтқа кіру Тіркелу

Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Бұл уақыт талабы»- дегенінен мұғалімдер қауымына өте үлкен жауапкершілік жүктелгенін аңғаруға болады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат - жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой - өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л. ВЗанков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «тұлға» ретінде тануға бағытталды.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым - қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Физика сабағында деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары мыналар:
- әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір - бірінен қалмауға тырысады;
- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
- сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өз бағасын біліп отырады
(1 - деңгей – «3», 2 - деңгей – «4», 3 – деңгей – «5»)
- даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата - анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады;
- бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды;
Сабақ – шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орын болғандықтан, шешуге міндетті жүзеге асыру - ұстаздың шеберлігіне тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін ойлана, жан - жақты даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік те, терең білім беруге мүмкіндік береді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру.
Сондықтан физика сабағында оқу - тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуі үшін әртүрлі оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше таңдап алуға тырысамын.
Оқушыларға оқу материалын түсінікті және қызықты етіп беру үшін сыныпты көз алдыма елестетіп, әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндігіне, қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрылымына талдай жасай отырып, алдыма мақсат қоямын.
- Заман талабына сай білімді, білікті, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Мақсатыма байланысты міндеттер қоямын;
- Жас ұрпақтың қабілетін ашу.
- Шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
- Мақсатты жүзеге асыру.
Оқу материалын баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар орындатып, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды жүйелі пайдалану арқылы әсер алуға жетелеймін.
1. Жалпы мәдениеттік мәні бар ұлттық, аймақтық, жергілікті материалдарды өз сабақтарымда кеңінен пайдалану.
2. Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
3. Оқушылардың физика сабақтарындағы белсенді іс - әрекеттерін ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.
4. Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқыту қызығушылығын қалыптастырып, дамытып оқыту.
5. Пәнаралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.
6. Деңгейлік және саралап оқыту жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру.
Жаңа сабақты түсіндіру барысындағы басты мақсатым - әрбір оқушының білім алуының сапалық деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін оқу жоспарын ғылыми негізде ұйымдастыру. Оқушының білімді игеруін үш сатыдан тұратындай етіп құрамын:
1. Жаңа білімді игеру және оны пайдалана білу.
2. Игерген білімді өңдеп, оны таныс емес жағдайда пайдалана білу.
3. Жалпы білімді өз бетімен игеру.
Аталған сатының әрқайсысында оқушының пәндік білімді игеруі төрт деңгейде өтеді:
1. Білу.
2. Түсіну.
3. Қолдану.
4. Біліктену.
Мысалы, «Гармониялық тербелістер. Тербеліс амплитудасы, периоды және жиелігі» тақырыбында оқушы тербелістер жайлы 9 сыныпта өткен түсінігін еске түсіре отырып, жаңа фактілерді, сондай - ақ толқын түрлеріне жататын электромагниттік толқындардың қасиеттерін қабылдайды. Бұл білімді қабылдау деңгейіне жатады.
2 - деңгей – Түсіну, яғни қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап бекіту, өз сөзімен естігенін айтып беру. Мысалы: Тербелістердің өмірде алатын орны.
3 - деңгей – Қолдану. Қабылдаған білімді формула бойынша тұжырымдау, есеп шығара білу, ұқсас мысалдар келтіру.
4 - деңгей – Біліктену. Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін түсіндіре білу, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды жасай білу. Қарапайым түрде гармониялық тербелісті шығарып ала білу.
Әрбір сабақта, мүмкіндігіне қарай, жергілікті жер материалдарын пайдалана отырып, оқушының білімділігін арттыруға көңіл бөлемін. Мысалы, «Импульс» тақырыбын өту кезінде әсерлесуші денелер ретінде асықты пайдаланамын. Тыныштықта тұрған асықты екінші асықпен атқанда екінші асық неге қозғалады? Әсердің берілуі денеге жылдамдық туғызды деген мысал арқылы импульстің формуласы жазылып түсіндіріледі. Сол сияқты үйге мынадай тапсырма беруге болады: стаканға су құйып, оны бір парақ қағаздың үстіне қойыңдар да қағазды жайлап тартып көріңдер, сосын оны лезде тартып алып қараңдар, «Қолдың тарту әсерінің уақытқа тәуелділігі қандай?» - деген сауалды талдап, оған жауап беріңдер.
«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткенде картон қағаздан балық пішінін қиып, оның саңылауына пипетка арқылы май тамызып, біраз бақылаймыз. Май балықтағы саңылау арқылы аққанда балық ілгері жылжиды. Бұл тәжірибе реактивті қозғалысты түсіндіруде оқушының білімділік деңгейін арттыруға көмектеседі. 11 - сыныпта дифракция, интерференция құбылысын түсіндіргенде құс қауырсыны, капрон мата, пластинканы пайдалана отырып түсіндіруге өте тиімді.
«Дыбыс толқындарын» өткенде резонатор ретінде домбыраның қуысын қарастыра отырып, адамның ауыз қуысы резонатор екенін ескертіп, «жағыңды екі қолыңмен қатты қысып сөйлеп көр» деген тапсырма беріледі. Оқушылар өз тәжірибесіне түсініктеме береді.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастырамын. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолдануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы, жаңа педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге леген оқу - танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қараев Ж. А. «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы».
2. Жұмабекова А. А. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».
3. Тұрғанбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі №8, 2004 ж.
4. Ильин В. С. «Формирование личности школьника». М, педагогика, 1984г.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі

Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі

Жоспары: I. Кіріспе: Жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математика пәнінің алатын орны. II. Негізгі бөлім: а) Оқытудың деңгейлеп...
Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігі

Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі Даулетбаева Оразгул...
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің Физика - математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПА ...

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПА ...

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №249 мекиеп - лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×