Жетістіктің жүз қадамы
100 - қадам: мемлекетіңді шексіз сүй және қызмет ет
Отанға қызмет ету білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханұлы
Әр қазақ баласы мемлекетімізді сүюі тиіс. Осындай кең - байтақ, қазба байлығы мол, қасиетті мекен, Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақ даласын әр қазақ азаматы, азаматшасы жақсы көру керек және мақтану керек. Бұндай кең - байтақ мекен бізге оңай келген жоқ. Сонау сақтар заманынан бері көшпенділер тарихында небір алапат соғыстар, небір ашаршылықтар болса да, осындай кең - байтақ жер бізге мұра болып қалды. Осы мұра болып қалған жерді біз көзіміздің қарашығындай сақтап, мемлекетімізді дамытып, әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосуға бәріміз бір кісідей атсалысу керекпіз.
Мемлекетіміздің әлемдегі озық дамыған елдердің қатарына қосу үшін бізге, ең алдымен, мемлекетімізді жақсы көру керекпіз. Одан кейін ұлттық рухты көтеріп, заманауи білім - ғылымның жолына түсіп, салауатты өмір салтын ұстанатын халықты қалыптастырып, талмай еңбектеңсек, мемлекетіміз әлемнің дамыған озық елдерінің қатарына қосылуға мүмкіншілігіміз әлдеқайда артпақ.
Мемлекетімізді әрқайысысымыз жақсы көре білейік. Тарихымызды, әдет - ғұрыптарымызды, тарихи ескерткіштерімізді, тілімізді, ділімізді және дінімізді, жерімізді, халқымызды, жалпы мемлекетімізді жақсы көре білейік. Сонда біздің мемлекетіміз даму жолына түсетіні анық.
Әрқайсысымыз қолдан келгенше мемлекетімізге қызмет ете білейік. Мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не бере алам деген оймен елге қызмет етейік. Егер біз бір істің маманы болсаңыз, өз ісіңіздің сапалы маманы болыңыз. Сапалы маманы көп мемлекеттің дамуы тез болады. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, отандық өнімдерді өндіріп немесе сапалы қызмет көрсетіп, ұлттық экономикамыздың дамуына жол ашыңыз. Егер сіз ақсақал болсаңыз жастарға рухани сананың жаңғыру жайлы, үгіт - насихаттарыңызды жүргізіңіз. Әрқайсысымыз елімізге бір кісідей кірісіп еңбектенсек, біздің мемлекетіміз әлемнің ең дамыған мемлекеттер қатарына қосылатыны анық.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
100 - қадам: мемлекетіңді шексіз сүй және қызмет ет
- ramuk_b
- 1 наурыз 2025
- 5
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мемлекетіңді шексіз сүю, қызмет ету, адалдық, халыққа қызмет
Ұқсас жаңалықтар:

Мен – Тәуелсіз ел ұланы
Мен – тәуелсіз елдің бақытты ұланымын. Мен өз елімді, жерімді мақтан тұтамын. Қазақ елі – көк туы желбіреген, шекарасы берік, байтақ жері бар...
98 - қадам: өмір уақытша екенін еске алып тұрыңыз. ойыңыз реттеледі, мақсат ...
Адам өмірді уақытша екенін есіне жиі алып тұрса, онда ойы дұрысталып, алдына белгілі бір мақсаттар қойып, рухани дүниесі реттелетіні анық....
Жетістіктің жүз қадамы: 88 - қадам: кең болыңыз – кем болмайсыз
Кеңдік – адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Кеңдік дегенде тек ақшаға ғана емес, басқа дүниелерге де кеңдік жетерлік....
37 - қадам: санаңызды артық, жағымсыз ойлардан тазартыңыз
Артық, жағымсыз ойлар сізге тек зиянын береді. Қалай ойлайсың, өмірің солай болады. Бұл өте дұрыс айтылған сөз. Альберт Эйнштейн айтқандай кез келген...
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат -...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.