Сайтқа кіру Тіркелу

28 - қадам: уақытты босқа өткізу

Жетістіктің жүз қадамы
28 - қадам: уақытты босқа өткізу
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлек. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса, бірінің еш пайдасы жоқ, ал кейбір іс - әрекеттер өз зиянын да беріп жатыр. Сіз уақытты тиімді басқарсаңыз, өміріңізді де басқарасыз.
Уақыт тоқтамайды, ол тек өте береді және өте береді. Қазіргі ғаламтор дамыған дәуірде уақытты босқа өткізу адамдар арасында артып кетті. Әлеуметтік желілер алтын уақытымызды ұрлап жатыр. Күніне осындай әлеуметтік желілерге кемінде 4 - 5 сағат уақытымызды жұмсайсыз. Кейбір адамдарда тіпті бұдан да көп: 7 - 8 сағат уақытын кетіреді.
Ал кейбіреулері 1 - 2 сағат уақыт жоғалтады. Әлеуметтік желіліердің бізге берер пайдасы да бар. Ол күнделікті болып жатқан жаңалықтар, білгіміз келіп жатқан ақпараттарды алу секілді пайда тұстары бар. Бірақ бұл әлеуметтік желілердің берер зияны да бар. Бірінші, бейберекетсіз пайдасыз бейнежазбалар, суреттер, арзан шоу бірдеңкелерді көру арқылы уақытыңызды жоғалтасыз. Екінші, желіде көп отырып дене қимылымен аз айналысқандықтан денсаулығыңызға зияны тиеді. Үшінші, жасөспірімдер әлеуметтік желіде көп отырып, психологиялық және физикалық даму жағына кері әсер етеді. Әлі толық қалыптаспаған адам ғаламторда емін - еркін отырып, өзіне зиян тигізетін небір түрлі ақпараттарды көруі мүмкін. Олар эротикалық бейнежазбалар, суреттер, адасқан ағымдар жайлы, қорқынышты бейнежазбалар т. б. осы секілді материалдарды көру арқылы психологиялық соққы алып, болашақта саналы тұлға болып қалыптасуға кері әсер етуі мүмкін.
Сол себепті де жасөспірімдердің ғаламторды дұрыс пайдалануын қадағалаңыз. Айта берсек, әлеуметтік желілердің берер зияны да өте көп. Дұрыс пайдалана білсең, пайдасы да мол. Бастысы өзіңе және жақындарыңа зияны тимейтіндей дұрыс пайдалана біл.
Уақыт – үлкен байлықтың бірі. Оны еш нәрсемен айырбастап ала алмайсыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Бәрін өз уақытымен жасаңыз. Алдыңызға мақсат қойыңыз, сол мақсаттарыңызды уақытқа бөліп, уақыт сізді емес, сіз уақытыңызды басқарыңыз.
«Бәлкім, сен бүгін мықты шығарсың, бірақ уақыт сенен де мықты».
Федор Достоевский
«Адам қаласа уақыт табады, қаламаса сылтау табады»
Отто Шмидт

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

2. Күтпеген қонақтар Ең жиі кездесетін уақытты жоғалтатын себептердің екіншісі – күтпеген қонақтар. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алуы мүмкін....
Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық

Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық

Маубастық – адам бойындағы жаман әдеттердің бірі. Артық ұйқы сіздің жұмысыңызға да, денсаулығыңызға да кері әсерін береді. Сіз көп ұйықтаған сайын,...
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

1. Телефон, электронды пошта, СМС Уақытты жоғалтудың ең бірінші әрі басты себебі – телефон, электрондық пошта, смс секілді күнделікті кедергілер...
22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар

22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар

Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...
Уақыт туралы ұлағатты сөздер

Уақыт туралы ұлағатты сөздер

Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану. Саади Ширази Арзан әңгімеге құмар адам, қымбат уақытын жоғалтады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×