Сайтқа кіру Тіркелу

Ақшадан маңызды дүниелер

Білгенге – маржан
Ақшадан маңызды дүниелер
Ақшадан да маңызды, қымбат заттар бар. Бірақ біз оларды көбіне ұмытып кетеміз. Міне, алдарыңызға ақшадан қымбат 11 дүниені ұсынамыз.

Қарым - қатынас тәжірибесі
Әлдекімді ойлайсыз, оның сіз туралы ойы сіз үшін қымбат. Жасырмай - ақ қойыңыз. Сүйіңіз, іштегі сырды тарқатыңыз, өмірдің қызықты сәттерін бірге өткеріңіз. Ақырында мұның, расымен де, қымбат екенін ұғасыз.

Даналық
Мәселенің шешімін білу – даналық емес. Даналық тынбай оқумен ғана келеді. Оқуды жалғастырыңыз.

Неке
Адамды шын жақының ретінде қабылдау өміріңізді өзгерте алады. Өзгені таныған сайын жақсы адам болуға деген ынта пайда болады.

Достық
Ақшамен сатып алған достың дос еместігін ұғу керек. Ол жалданбалы адам. Қуанышты да, қайғыны да бірге қарсы алу ең қиыны. Ең жақын дос – жар.

Денсаулық
Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсыз. Бірақ ақша арқылы денсаулықты құртпаудың жолдарын қарастыра аласыз.

Рухани байлық
Күрделі мәселеден қашудан гөрі оны қалай шешудің жолын қарастыратын адам рухани бай. Адамның миы тыныш болса, жаны да жайсаң болады.

Құштарлық
Адам белгілі бір әрекет - құбылыстан әсер алуы, құштарлығының оянуы өмірді түрлі - түсті түске бояйды.

Тілдесу
Көңілдегі көрікті ойды жеткізе білу және қабылдай алу ішкі әлемніңнің жай - күйі. Тілдесу мен жақын адамдардың болуының өзі бір бақыт.

Өзіңе - өзің тірек болу
Ақша келеді де кетеді. Ақшасыз - ақ гүлденіп, жан баға алу, төзімділік көрсету ерлікпен пара - пар.

Алғыс
Рақметті қалтаға сала алмайсыз. Десе де, оның адам көңіл - күйіне қаншалықты әсер ететінін ескерейік, тіпті өмірдің сәнін келтіретін құнды қасиеттердің бірі осы рақмет айта білу.

Хобби
Адамдар тіршіліктің қамымен жүріп, өзінің жан қалауын ұмыта салады. Қаншалықты ақша тапса да, қаншалықты ісі болса да, бір уақыт арнайы бөліп, жаныңның қалаған ісімен айналысу бір ғанибет.
әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оңашадағы ойлар

Оңашадағы ойлар

Қалай туып, қалай өлетінің маңызды емес, қалай өмір сүргенің маңызды. Келесі шынайы өмірің осыған байланысты болғандықтан....
Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді  ...

Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді ...

Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз....
Төменгі саты

Төменгі саты

Әлбетте, фәни өмірді дұрыс түсіне білген Абай тәрізді данышпандар оның заңдылықтарын дұрыс ашып, қиындықтарын тура айтады. Бұл адамдардың жүрек...
Миллионер Роберт Кийосаки үшін байлықтың 7 ережесі

Миллионер Роберт Кийосаки үшін байлықтың 7 ережесі

Әлемге әйгілі жазушы және спикер Роберт Кийосаки кедей отбасында өскен, бірақ атақ пен жетістікке қол жеткізді. Бүгін 72 жастағы кәсіпкер, «Бай әке,...
Қаздауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігі туралы

Қаздауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігі туралы

Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×