Технологияны дұрыс қолдану
Технология – уақытпен жарыстан туылған өнім. Аз уақытта көп істі жеңіл түрде атқаруға тырысу.
Егер де біз телефонымызға бөлген уақытты құлшылыққа арнасақ, онда бәріміз Алланың сүйікті құлдарына айналған болар едік.
Технологияны дұрыс пайдалану адамның адамдығына байланысты. Айталық, жүргізуші мас болса, көліктің қаншалықты мінсіз болғанына қарамастан, апатқа ұшырау ықтималы көп. Сондықтан алдымен адамды түзету керек. Мәселені адамның бойында шешу керек.
Ол технологиялардың көмегімен әп - сәтте қалаған мәліметімізді таба аламыз. Бірақ ондай мүмкіндік бар екен деп, оқуды, білім алуды бір жаққа ысырып қоюға болмайды. Олай тез қол жеткізіп, бір көз шалып шыққан мәліметтер білім бола алмайды, тез ұмытылады.
Әсіресе, балаларды бұл дерттен құтқару керек. Балалар технологияның құлына айналса не оған тәуелді болса, ата - анасынан алыстап, тіпті бөлініп кетеді. Ал ата - ана да сол технологияға байланып қалатын болса, олар бір - бірінен және балаларынан бөлініп кетеді. Солайша бір отбасы технологияның құрбанына айналады.
Осындай қасіреттің алдын алу үшін техноогияларды дұрыс әрі жылдам пайдаланып үйрену қажет болмақ. Тиімді пайдалана білетін болса, технологиялар өте пайдалы әрі адамның уақыт үнемдейтін, жұмысын жылдамдататын бірден - бір көмекші құрал бола алады. Ең бастысы, осынау заманауи құрылғыларды ақылмен қолдануды әдетке айналдырмақ керек.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Технологияны дұрыс қолдану
- ramuk_b
- 23 қыркүйек 2020
- 1887
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Уақытыңды басқар, Технологияны дұрыс қолдану, пайдалы кеңестер
Ұқсас жаңалықтар:
Бетіңді баспа
Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты....Ер адам жаспен өспейді, жауапкершілікпен өседі!
Бір адамдар бар. Жастары отызға, қырыққа келсе де, өздерін әлі бала секілді көреді. Алға қойған мақсаттары, көздеген межелері жоқ. Олар үшін ата -...Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
1. Телефон, электронды пошта, СМС Уақытты жоғалтудың ең бірінші әрі басты себебі – телефон, электрондық пошта, смс секілді күнделікті кедергілер...Адамдар жақсы көрсін десең...
Қазақ жақсы адамды көрсе, «өзі бір иманжүзді адам екен», «жүзінен иманы төгілген жігіт екен» деп мақтап жатады. «Түсі игіден түңілме» деп, иманжүзді...22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар
Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.