Сайтқа кіру Тіркелу

«Қызға – нәзіктік, ұлға - батылдық»

Сынып:«5»
Тақырыбы: «Қызға – нәзіктік, ұлға - батылдық» 18 – сабақ
Сілтеме: «Өзін – өзі тану», 5 - сыныпқа арналған оқулық, Бөбек, Алматы - 2013 жыл
Мақсаты: қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
- ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;
- ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым - қатынастарын дамыту;
- ұлды батылдыққа, қызды нәзіктікке тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: тақтамен, дәптермен, мәтінмен жұмыс.
Керекті құрал – жабдықтар: үнтаспа, дәптер, оқулық.
Құндылық: дұрыс әрекет.

Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Мұғалімнің әрекеті: Мұғалім оқушылардың шеңбер құрып, бір - біріне тілек айтуымен шаттық шеңберін бастайды.
Оқушының әрекеті: Сабақтың жақсы көңіл - күймен басталуы үшін оқушылар шеңбер айналасында бір - біріне деген ізгі тілектерін білдіреді

Әңгімелесу
Мұғалімнің әрекеті: Оқушылардың сабақ тақырыбына қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгімелеседі:
• Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?
• Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?
• Қыздар мен ұлдар арасында түсінбеушілік болуы мүмкін бе? Неліктен?
- Қыздар мен ұлдардың арасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?
Оқушының әрекеті: Әңгімелесу барысында оқушылар сұрақтар бойынша пікір алмасады.
А кезеңі: білу
Мәтінмен жұмыс
Мұғалімнің әрекеті:
1. С. Сарғасқаевтың «Жайма - шуақ» әңгімесін оқып, талдауда мұғалім оқушыларға достықтың өмірде қандай орны бар екенін түсіндіру мақсатын қояды, назарларын аудартады.
2. Сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсінігін кеңейтуді және өлеңнің мәнін кеңінен түсінулерін жоспарға алады.
- Мұрат пен Жаннұрдың татуласуына не себепкер болды?
- Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?

Оқушының әрекеті:
1. С. Сарғасқаетвың «Жайма - шуақ» әңгімесін кезекпен оқып, мазмұнын айтады.
2. Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.

Жаңа ақпарат
Мұғалімнің әрекеті:
Қыз балаларға – табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір - біріне көмектесуге дайын тұрады. Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.
Жаңа ақпаратты дәптерлеріне жаздырады.
Оқушының әрекеті:
Жаңа ақпаратты оқып, мәнін ашады. Талдайды.

Қорытынды
Мұғалімнің әрекеті:
1. Сабақты қорытындылайды.
2. Жүректен жүрекке әдісін өткізеді. И. Сапарбаев пен Р. Таймановтың «Қазақ қызы» атты әнін шырқауды ұсынады.
3. Үйге тапсырма «Ұл мен қыз арасындағы достық» тақырыбына әңгіме жазуды тапсырады.

Оқушының әрекеті:
1. Мұғаліммен бірге сабақты қорытындылайды.
2. Жүректен жүрекке әдісін орындайды.
3. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×