Сайтқа кіру Тіркелу

Өзін - өзі тану белестері

Өзін - өзі тану белестері 1 – сабақ.
Сілтеме: «Өзін – өзі тану», 3 - сыныпқа арналған оқулық, Бөбек, Алматы - 2013 жыл.
Мақсаты: Балалардың «өзін - өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- 3 - сыныпқа арналған «Өзін - өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;
- өзін, өзгелердің, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
- сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: диалог, тақтамен, дәптермен, мәтінмен жұмыс.
Керекті құрал – жабдықтар: үнтаспа, дәптер, оқулық.
Құндылық: ақиқат.

Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
1. Шаттық шеңбері
- Қош келдіңдер, балалар! Міне жазғы демалысымызда аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Балалар, енді сендер екінші сынып оқушысыңдар. Ер жетіп, ақылдарыңа ақыл қосылды. Сендерді алда қызығы мен шаттығына, жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін - өзі тану»сабақтары күтіп тұр. Ол сабақтарда өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншіліктеріңді білетін боласыңдар, сондай - ақ адами қарым - қатынаста шыншылдықпен танылып, адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер. Табиғат перзенті, Отан ұланы екендеріңді мақтан тұтасыңдар,- деп сөзін бастайды.

2. Ойын - жаттығу. Оқушыларға ақ парақ таратып береді. Ойынның жүргізілу барысын түсіндіреді.
- Жарайсыңдар, балалар! Жазғы демалыста бір - біріңді сағынып, жақсы әдет, қылықтарыңды естеріңе алғандарың қандай жақсы! жасаған жақсылық, ізгі ниет, жақсы қылықтар барлық уақытта да адамның жадында сақталады. Оған қоса бір - біріңнің мінез - құлықтарыңды, әрекеттеріңді жақсы білетіндіктеріне қуанып тұрмын. Өзін, өзгелерді тану деген осы!, - деп ойынды қорытындылайды.

1. Сабақтың жақсы көңіл - күймен басталуы үшін оқушыларға шеңбер айналасында көңілді өлеңді дауыстап айтады:
Әсемпаз болма әрнеге
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!

2. Парақтың алғашқы бетіне қатар отырған сыныптасының қандай қылықтары мен әрекеттерін жазғы демалыс кезінде есіне түсіргенін жазады. Ал екінші бетіне сол сыныптасының өзі туралы нені есіне түсіруі мүмкіндігін жазады. Балалар жазып болған соң, жазғандарын оқиды. Жазбалары сәйкес келген жұп жеңімпаз атанады.

Әңгімелесу
Оқушылардың өзін - өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып, оларды танып білу мақсатында әңгімелеседі:
• Өзін - өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
• Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

Әңгімелесу барысында оқушылар 2 - сыныпта өзі - өзі танудан үйренгендерін, жазғы демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.

А кезеңі:
білу
Мәтінмен жұмыс
1. М. Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін оқып, мәнін ашуды тапсырады.
2. Сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсінігін кеңейтуді жоспарға алады.
- Сендер алтын балықтан қандай тілек сұраған болар едіңдер?
- Кедей не себепті бірінші тілегіне денсаулық сұрады, деп ойлайсыңдар?
- Адал ниет дегенді қалай түсінесіңдер? Неліктен кедей екінші тілегіне адал ниет сұрады деп ойлайсыңдар?
- Таудай талап дегенді қалай түсінесіңдер? Кедей неліктен екінші тілегіне таудай талап сұрады деп ойлайсыңдар?
-«Қайырымсыз мыңнан - қайырымды бір артық» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Не үшін балық «Құдайым бала берсін, бала берсе, сана берсін» деген нақылды байдың есіне түсіреді?
- Байдың бақытты бола алмауы, байлығына ие бола алмау себебі неде, деп ойлайсыңдар?

1. М. Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін кезекпен оқып, мазмұнын айтады.
2. Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.

В кезеңі
Назар аудару
Тапсырма: өзін - өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап, сол тілектеріңді бос жолдарға жазуларын тапсырады.
Тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
Дәйексөз
Тақтаға «Өзін - өзі тану – адамгершілік құндылықтары» деп жазып қояды және осы сөздің мәніне тереңірек тоқталуды түсіндіреді.
Дәйексөзді дауыстап оқып, талдайды. Дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Қорытынды
1.- Балалар, мен сендердің әдепті, қайырымды, сыйлы болып өсетіндеріңе, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін азамат болатындарына сенімдімін, - деп сабақты қорытындылайды. Оқушылардың да ойын тыңдайды.
2. Жүректен жүрекке әдісін оқушылармен бірігіп орындайды.
3. Үй тапсырмасын береді. «Өзін - өзі тануда үйренемін» тақырыбында әңгіме жазып келуді тапсырады.

1. Сабақты қорытындылауға үлестерін қосады.
2. Жүректен жүрекке әдісі бойынша «Жас ұландар жырын» айтады.
Жас ұландар жыры.
Аялап тұрған ел,
Даңқымыз шырқады.
Атандық жас ұлан,
Бабалар ұрпағы.
Қырандай түлеттің,
Асқақтап самғаймыз.
Алғысын жүректің,
Өзіңе арнаймын.
Жазира өңірде
Сайраған біздің жол.
Құмартқан Өмірге,
Боламыз құрыш қол!
Көгілдір аспаны,
Бақытты баламыз.
Өмірдің дастаны
Еңбеккер боламыз.

3. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×