Сайтқа кіру Тіркелу

Ақылды тыңдай білу де өнеге

Мұғалім: Жалбакова А. С
Сабақ мақсаты:
Дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру
Міндеттері: Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі маңыздылығын ашып көрсету.
Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын, ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту.
Қамқорлық, ізеттілік, кішіпейілділік, сыйластық қасиеттерін көрсете білуге тәрбиелеу
Ресурстар:
(құралдар,
мәліметтер)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті; Баяу әуен тыңдай отырып жасау. «Күннің нұры»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қорада малың болсын, көшеде талың болсын. С. Ақаев
Сұрақтар: Қорада малың болсын, көшеде талың болсын деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балаларының жауап сөздері сіздерге қандай ой салды?
Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жеткендігі туралы өз ойыңды білдіріп көр.
Өмірдің мәні неде? Өмірлік ұстанымдарың туралы ой бөлісу

Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйек сөз. Мағынасын ашу
Ата - анаңның ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең
. (Халық мақалы)
2 рет ұл балаларға,
2 рет қыз балаларға қайталау

Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Әрине ақыл туралы.
Жаңа сабақ: Ақылды тыңдай білу де өнеге
4. Әңгімелеу (Мәтінмен жұмыс, сұхбат, аңыз,
видео т. б)
Бос қайық
Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:
– Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.
Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе - бет жалғыз қалдым.
Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу - ыза қыса бастаса, өзімнен - өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.
• Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болады?
• Өздерің аңыздан қандай қорытынды жасар едіңдер?
• «Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?
• Сендер кішіпейіл жандарсыңдар ма?
• Имандылық дегенді қалай түсінесіңдер?
Мейрімді адамдардың қатарына кімдерді жатқызар едіңдер?
1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Тапсырма: Ақыл шыңына жету үшін мақал мәтелдердің мағынасын ашу, қорғау.

2. Топпен ән айту.
«Мен сүйемін» Әні: В. Питерцев Сөзі: С. Жарқынбек
Мен сүйемін анамды,
Ізгілікпен пен адалдыққа баулыды
Мен сүйемін әкемді
Қорған болған, өзің сынды асылды
Қайырмасы:
Мен сүйемін елімнің кең даласын,
Мақтанышым өмірде бір өзіңсің.
Мен сүйемін, Мен сүйемін туған жер,
Бақ дәулеттің сыйы болған көзісің.
Мен сүйемін тауымды,
Баурайынан мөлдіреген нәр ақты.
Мен сүйемін елімді,
Тілеуменен бір өзіңе бақытты.
Қайырмасы:
Мен сүйемін досымды,
Жақсылықты ортақ бізге тіледі,
Мен сүйемін бәрінді,
Мақтанышпен сүйе бергім келеді.
Қайырмасы
3. Үй тапсырмасы:
Қызғаныштың кесірі Ж. Байбұланованың шығармасын оқу 93 – 94 беттер
4. Соңғы тыныштық сәті.
(Тыныштық..... бар жерде, тыныштық бүкіл әлемде)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×