«Өзін - өзі тану» пәнінің сабағының жоспары
Мұғалім: Қожакеева Г. Ә.
Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық
Мақсаты: Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасау.
Міндеттері:
Білімділік: еңбекқорлық пен еріншектіктің мәнін түсіндіру арқылы ақиқат пен дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Дамытушылық: Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік: еңбекке қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезең. Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл - күйлерін сұрау.
5 Т – ережесі «Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық»
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Қандай күйде болдыңыздар?
- Балалар осы тыныштық сәті сендерге қалай әсер етті?
Үй тапсырмасын тексеру
101 бет, «Еңбекқорлық пен Еріншектік», В. С. Сухомлинский
Сұрақтар:
- Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттері қандай, ерекшеліктері ше?
- «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?
Дәйексөз.
«Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап» Абай
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Жаттату:
- 3 рет қайталау;
- қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;
- 2 - 3 баладан сұрау.
Оқиғаларды әңгімелеу
« Еңбек жемісі» Б. Әділ.
(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).
Әкесі алты гектар егістік жер алған. Сол – ақ екен, қауырт жұмыс басталды да кетті.
- Тұр, балам, - дейді әкесі. – Көктемнің әрбір күні жылға азық. Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі... Жұмыс қызу басталып кетеді. Екпегендері жоқ. Сәбіз, картоп, пияз, жүгері, капуста, қауын, қарбыз.
Асан жазғы каникулін атыз басында өткізді. Екі інісімен сонда қонады. Әкесі шартақ соғып берген. Екіншіде оқитын Досан шай дайындаудың шебері.
- Биыл өнім жаман болмас, - дейді әкесі жайқалған көкөністерге көз салып қойып. – Еңбек етсең, Жер - ана да иіс сала береді.
Әкесінің айтқаны келді де тұрды. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын - қарбыздар... Теңкиіп көздің жауын алады. Сауда бақшалықта - ақ қызды. Бейтаныс ағалар көлікпен келіп, өздері тиеп әкетіп жатты.
Әкесі мәз, мұртынан күледі.
Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке - шешесіне көмек беруі керек. Әлі де атызда қалған - құтқан өнім көп. Қызанақтар жерге түсіп, ағып жатыр.
Өткенде ауыл балалары масақ теруге келді. Өзімен төртіншіде бірге оқитын Айкүміс те бар. Екеуі бірге отырып қауын жеді.
- Қауының не деген тәтті, - деді Айкүміс. Асан біраз марқайып қалды. Әсіресе «қауының...» деп айтқанына...
- Тойып жеп ал, - деді.
- Кешке бес - алты қауын ала кет. Әйтпесе, үйіне өзім апарып тастайын. Ауыр ғой...
Айкүміс үндемеді. Әдемі жымиып қойды. Бұған өте риза болғаны. Әкесі бүгін өте көңілді екен.
- Ертең менімен бірге жүріңдер, - деді үш ұлына. – Базарға апарып, керектеріңді алып берем...
Сол күні үй іші жаңа бешпент – шалбарды қайта - қайта киіп көріп әлек. Ал ең кішкентай Досан болса, жаңа велосипедтің дөңгелегіне жел беріп әлек. Насоспен қосыла мұрны да пыс - пыс етеді.
- Жаз бойғы еңбектерінің өтеуі ғой, - дейді әкесі әдетінше мұртынан күліп.
Сұрақтар:
- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?
Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.
Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.
1 - топ: «Еңбектің жемісі» өлең құрастыру
2 – топ: «Еңбекқор» мен «еріншек» баланы мінездеме (салыстыру)
3 - топ: «Адал еңбек» Коллаж жасау
Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.
Қорытындылау: - еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірге құрметке бөлену арқылы, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасайық.
Топпен ән айту
Болайықшы осындай. Сөзі мен әні – А. Меңжанованікі.
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досы - ай!
Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Үй тапсырмасы.
105 бет, «Әдемі әже», Р. Әбілқадырова
Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Баяу әуен қою.
- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.
Еңбекқорлық пен еріншектік
- Гүлназ
- 7 қараша 2015
- 5268
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еңбекқорлық пен еріншектік, өзін өзі тану
Ұқсас жаңалықтар:
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Ұқыпты бала - әдепті бала
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ішкі жан дүниесінде жалқаулықты қадағалай білу, ұқыптылық, тазалық, шыдамдылық құндылық ретінде мәнін ашу...Ойнай білу де - өнер
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту -...Ақылды тыңдай білу де өнер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды ( отбасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.