Сайтқа кіру Тіркелу

Адамгершілік асыл қасиет

Адамгершілік – асыл қасиет

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрете отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, сабаққа қызығушылықтарын ояту, белсенділігін арттыру.
Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау, ой - өрісін жетілдіру
Сабақтың көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер, интер белсенді тақта
Сабақтың жоспары
1. Кіріспе
2. Адамгершілік – асыл қасиет (Оқушылар сөзін тыңдау)
3. Әдеп пен әдет бір ұғым ба? (Көрініс )
4. Сұрақ – жауап әдісі (ситуация)
5. «Жалғастыр ойыны»
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Әдеп – адамгершілік пен имандылықтың сан алуан түрлері туралы ілім жүйесі
Әрбір оқушының бойында мейірімділік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттер болуы қажет.
Сендер ең әдемі, нағыз азамат, жақсы адам болып өсулерің керек Ол үшін осы бастан үйренуіміз, өзімізге сын көзбен қарауымыз керек.
Әрбір адамның әдептілігі оның көзінен, сөзінен, өзінен байқалады. Әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді.
Халық әдебі сіз деген сөзден басталады. Бұл сөз құрметтеу, ардақтауды білдіретін сөз.
«Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген - көмек.

Сондықтан бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Әдептілік - әдемілік» деп аталады.
Слайдты ашып схема бойынша жұмыс жүргізу:

ІІ. Оқушылар тақпағы

Айғаным
Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің

Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің

Айша
Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.

Мыңмұхаммад
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді.

Аружан
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай - шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқарсың.
Айғаным
Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз

Ақбаян
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апам айтып өкпесін.

Мыңмұханбет:
Су құйдым құманмен,
Қолына мен әкемнің.
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.

Айша:
Бақшаны суарып,
Келеді су алып.
Самауыр қайнатып,
Үйде де, түзде де,
Қылығы өнеге.
Ұстазы бізге де,
Ұнайды ол неге.

Аружан
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болмақ өзіде,
Үлкен болған кезінде.

Сыйла үлкен кішіні,
Қамқорлыққа ал кішіні
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның тілін ал,
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.

Кір басқан қуыршақ әнін орындау
Көрініс: «Адамгершілік деген не?»

Сұрақ - жауап әдісі (ситуация)
- Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқан да, алдыңнан бір үлкен кісі шықты
Сен не істер едің?
- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керке?
- Көшеде біреу жол немесе жөн сұраса не істер едің?
- Автобуста немесе қоғамдық орында егде адамдарды көрсең не істегенің жөн?
- Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Адамгершілік деген не?
«Жалғастыр» ойынын ойнау
«Не істеуге болмайды?»
- Үлкеннің алдынан өтуге.....
- Кішкентай баланы жылатуға....
- Құстарды атуға......
- Сабақтан кешігуге.....
- Сыныпта айқайлауға.....
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні сыйлау....
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×