Сайтқа кіру Тіркелу

Көкірек көзін ашайық

Сабақ мақсаты:
Оқушының өзі туралы, өзінің мінез - құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Өзін - өзі қадағалау, бағалау және өзін - өзі тәрбиелеу іс - әрекеттерін негіздеу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға өзін қадағалауға, бағалауға үйрету;
2. Оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қасиеттерін дамыту;
3. Оқушыларды жақсы сөз айтуға, жақсы ой ойлауға, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер) өлеңнің аудио дискісі
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену
- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: «Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты!
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда! Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі! Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды!
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек
шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді!
Нұр бірте - бірте қарқын алып және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз! Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге:«Барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз!»
Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен - Нұрмын!».
- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!..
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет!
Қорытынды: Бұл тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар балалар
2. Үй тапсырмасын тексеру
мысал
3. Дәйексөз.
Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді - өзің зертте
Конфуций
Түсіндірме Олай болса балалар, жақсы адамды көргенде сол кісілер сияқты болуға тырысайық.
Қорытынды
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге айтып шығады)
Әңгімелеу
Ана махаббаты
Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін.
Ана күнде кешке қарай балалары мен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Алыстан олардың төбелері көрініп, үйге жетер - жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған - ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр - пыр болатын. Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларынан естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін…
Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар.
Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», – дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды…
Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек… Басқа да біраз нәрселер… Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.
Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұңайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді…
Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзуға хақы жоқ еді.
Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде. Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойнына асып:

– Анашым, – деп сыбырлады. – Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғым келеді. Бірақ ешкімге айтпай - ақ қойшы, жарай ма.
Анасы ұлын аймалап:
– Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, – деді.
Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:
– Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, – деп күлімсірей сөйледі.
Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:
– Анашым, білесің бе, жексенбі күні мен үйде қаламын. Бірге болайықшы. Бір - ақ ешкімге айтпа, – деді. Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан - жағына қарап, ұялып әрлі - берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.
Анасының:
– Балам, бір жағдай болды ма? – деп сұрауына тура келді.
– Не ғой… Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім… Мен жексенбі күні үйде қалып, соны бітірсем бола ма? Басқалары барсын. Мен үйде сенің жаныңда қалсам. Қалай қарайсың? Бірақ мұны әкем де, бауырларым да білмей - ақ қойсын - шы.
Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды. Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкесі:
– Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына қарап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың біздің ұсынысымызға не дейсің? – дейді. Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.
Құндылықтар: Дұрыс әрекет, ішті тыныштық
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
3топқа бөлінеді

«Маған ең қымбат жан» деген тақырыпта үш топқа үш тапсырма беріледі.
Бірінші топ: Өлең шығару
Екінші топ: Сурет салу
Үшінші топ: Эссе жазу
Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды.
Қорытынды: Олай болса балалар анамызды құрметтеп, қадірлей білейік.
5. Топпен ән айту.
«Анаға сәлем»
Қорытынды Ана өмірдің гүлі, ана өмірдің нұры, ана өмірдің мәні олай болса балалар анамызды қадірлейік, сыйлай білейік.
Сөзі: О. Иманәлиевтікі
Әні: Е. Хасангалиевтікі
6. Үй тапсырмасы.
№2 сабақтағы ел аузынан алынған «Екі дос» деген әңгімені оқып, түсінігін айту.
Дәптермен жұмыс №1 - 2 сабақтағы 1 тапсырманы орындау.

7. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Үнемі жылы сөздер айтуға дағдыланайық. Ішкі тыныштығымызды сақтайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүрегіміздің түбіне түйіп алайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Рахмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×