Пәні: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнер
Құндылық: «Ақиқат», «Сүйіспеншілік»
Қасиеттері: Мейірімділік, қайырымдылық, адал еңбек, өз - өзін сенімділік, жанашырлық.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «сыйластық»құндылықтары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру.
- ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту.
- ақыл, өнеге, өсиеттерді тыңдауға, бағалауға, тәрбиелеу. Ресурстар
арналған суреттері,
оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.
«Күннің нұры»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет Үй тапсырмасын
тексеру
Сәлемдесу
3. Дәйексөз: - Дұрыс айтасыңдар. Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей, жақсы өмір сүрген екен. Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай, сол күйі қалады. Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады. Сондықтан да халық.
«Ата - ананың ақылы -
Сайрап жатқан жол мен тең.
Ақылдының ақылы -
Сарқылмайтын көлмен тең» - деп айтқан болатын. Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу
Ұлдарға айтқызу
Қыздарға айтқызу
Әңгімелесу.
4. Мәтінмен жұмыс. «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»
* Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
* Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойларынды айтыңдар
5. Мұғалім сыйы.
Анам маған..... М. Мақатаев.
Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған қойғам күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
- Әңгімелесу
Мәтінді оқып беріп түсіндіру.
Сұрақтарға жауап береді
Мұғалім сыйы
6. Шығармашылық жұмыс. «Жақсылық тамшысы»
7. Топпен ән айту «Мен сүйемін» Әні: В. Питерцев Сөзі: С. Жарқынбек
Мен сүйемін анамды,
Ізгілікпен пен адалдыққа баулыды
Мен сүйемін әкемді
Қорған болған, өзің сынды асылды
Қайырмасы:
Мен сүйемін елімнің кең даласын,
Мақтанышым өмірде бір өзіңсің.
Мен сүйемін, Мен сүйемін туған жер,
Бақ дәулеттің сыйы болған көзісің.
Мен сүйемін тауымды,
Баурайынан мөлдіреген нәр ақты.
Мен сүйемін елімді,
Тілеуменен бір өзіңе бақытты.
Қайырмасы:
Мен сүйемін досымды,
Жақсылықты ортақ бізге тіледі,
Мен сүйемін бәрінді,
Мақтанышпен сүйе бергім келеді.
Әнді топпен орындау
8. 8. Үй тапсырмасы. Суретке қарап бос жолға олардың ақыл сөздерін тыңдағыларың
келетіндігін жазу. Үй тапсырмасын жазу
9. Соңғы тыныштық. Жай әуен мен көзді жұма отырып бүгінгі сағаты елестету сабақ ұнады ма тұжырым жасау. Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
Ақылды тыңдай білу де өнер
- Алтын Ысқаққызы
- 14 наурыз 2015
- 9355
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақылды тыңдай білу де өнер атты өзін өзі тану сабағынан жоспар
Ұқсас жаңалықтар:
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Ойнай білу де - өнер
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту -...Ақылды тыңдай білу де өнеге
Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру Міндеттері: Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі...Ақылды тыңдай білуде өнеге
Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру Міндеттері: Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі...Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды ( отбасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.