Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Тақырып: «Ана тілі – жүрек үні» № 29 сабақ
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, сүйіспеншілік, ізгілік, сыйластық
Мұғалім: Г. С. Сулименова
Сынып: 8
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беріп, анаға, тілге риясыз сүйіспеншілікпен қарауды ұғындыру.
Міндеттері:
- оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім ана махаббатынан тарайтындығы туралы түсінік беру;
- балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, кешірімшіл сезімдерін дамыту;
- адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, кішіпейілдікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т» қайталау.
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын тексеру
Ж. Дәулетбектің «Ана - өмір тірегі» әңгімесі
Сұрақтар:
- Ана - өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ананың қоғамдағы, отбасындағы орны туралы не айтар едіңдер?
- Жер – ана, Тіл – ана, Табиғат – ана деген сөздерде қандай үйлесімділік бар? Баяу әуен
Дәйексөзбен жұмыс
«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды...» Н. Назарбаев
- Неліктен ана махаббаты бәрінен биік?
- Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіздер?
Әңгімелеу (мұғалімнің сыйы)
Ана махаббаты
Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін.
Ана күнде кешке қарай балалары мен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Алыстан олардың төбелері көрініп, үйге жетер - жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған - ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр - пыр болатын.
Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларынан естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін...
Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар. Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», - дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды...
Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек... Басқа да біраз нәрселер... Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.
Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұнайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді...
Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзуға хақы жоқ еді.
Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде.
Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойнына асып:
- Анашым, - деп сыбырлады. – Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғым келеді. Бірақ ешкімге айтпай - ақ қойшы, жарай ма.
Анасы ұлын аймалап:
- Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, - деді.
Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:
- Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, - деп күлімсірей сөйледі.
Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:
- Анашым, білесің бе, жексенбі күні мен үйде қаламын. Бірге болайықшы. Бір - ақ ешкімге айтпа,- деді. Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан - жағына қарап, ұялып әрлі - берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.
Анасының:
- Балам, бір жағдай болды ма?- деп сұрауына тура келді.
- Не ғой... Бір ойыншық ұшақ жасап едім... Мен жексенбі күні үйде қалып, соны бітірсем бола ма? Басқалары барсын. Мен үйде сенің жанында қалсам. Қалай қарайсың? Бірақ мұны әкем де, бауырларым да білмей - ақ қойсыншы.
Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды.
Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкесі:
- Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына қарап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың біздің ұсынысымызға не дейсің?- дейді.
Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс жылдар бойы ұмытпады.
- Ана өз махаббатың қалай білдірді?
- Риясыз жақсылықтың өмірде қандай мәні бар?
- Неге бар ізгі істеріміз жақсылықтан басталуы керек? Кітап
Шығармашылық жұмыс
1 - топ: Тіл туралы мақал - мәтел
2 - топ: Тіл туралы өлең шығару
3 - топ: Эссе жазу
Топпен ән айту. «Айналайын»
Авторы: Е. Хасанғалиев
Өзің едің тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде.
Мені сендей түсінетін,
Кім бар екен бұл өмірде.
Қайырмасы:
Жарқын құшақ жайғанайым,
Ниетіңе сай болайын.
Мені сүйген жүрегіңнің,
Лүпілінен айналайын.
Саған мәңгі борыштармын,
Көңіліме қоныстандың.
Азаматтың ажарына,
Мақтау айтсам намыстандың.
Қайырмасы:
Әнің әнге жалғассын деп,
Келеді арман алға сүйреп.
Менің кемем өрге жүзсе,
Сен қуандың алғашқы рет.
Қайырмасы:
Үй тапсырмасы:
Ә. Нарымбетовтың «Менің ана тілімде» өлеңін оқу
Соңғы тыныштық сәті.
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. Баяу әуен
Ана тілі-жүрек үні
- gauhar
- 17 қыркүйек 2019
- 3565
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ана тілі-жүрек үні, өзін өзі тану сабағынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Ойнай білу де - өнер
Сабақ мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами...Айналайын
Өзің едің тірегім де, Жыр боп тұндың жүрегімде. Мені сендей түсінетін Кім бар екен бұл өмірде?!...Ана тілі – жүрек үні
Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев атындағы орта мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі М. Тұрсынғазы...Көкірек көзін ашайық
Тақырып «Көкірек көзін ашайық» Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттері: кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, сыпайылық...Шаңырақ жарастығы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, № 19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.