Тақырып: Өнер - өмір өрнегі.
Құндылық: сүйіспеншілік. Қасиеттер: Жасампаз болу.
Мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету.
Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани - адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу;
Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
Тыныштық сәтi.
«5 Т» ережесін еске салу.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық
5 Т ережесі
Тәртіп - тәртіпке көнген құл болмас
Талап - талаптыға нұр жауар
Тыныштық – әрине тыныштық ол ең әуелі бейбітшіліктің белгісі
Тазалық – жан тазалығы және тән тазалығы деген бар. Жан тазалығы адалдық болса, тән тазалығы денсаулық
Татулық – ол бірлік, ынтымақ, береке және әрине шынайы достық деп білміз, солай ғой балалар.
2. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. 3мин
Балалар, ыңғайланып отырыңдар, денелеріңді түзу ұстаңдар. Аяқ - қолымызды айқастырмаймыз. Қолдарымызды тіземізге немесе үстел бетіне қоюымызға болады. Көздеріңді жұмуларыңды өтінемін.
Елестетіп көріңдер: Күн нұры біздің төбемізден өтіп, кеудемізге қарай бойлап барады. Кеудеміздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ғана ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл біздің әр ойымызды, әр сезімімізді, эмоциямыз бен тілек - қалауымызды шайып, жүрегіміздің қауызын ашты.
Ал енді нұр сәулесі біздің бойымызға ақырын тарай бастағанын елестетеміз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойымызбен осы нұрды қолдарымызға түсіреміз. Біздің қолдарымыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарымызға тарай бастады. Аяқтарымыз да нұр сәулесін шашуда. Олар бізді мол жақсылық жасау үшін өте керемет жерлерге алып барады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр біздің ауызымызға, тіліңізге тарайды. Тіліміз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарымызға бағыттаймыз, құлақтарымыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Біздің басымыз түгелдей нұрға бөленіп, басымызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын алып, шұғылана бастады, біздің денемізден шығып, жан - жағымызға сәулелерін шашуда. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдерімізге, достарымызға, таныстарымызға бағыттаймыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаймыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге, барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаймыз. Ойымызда:"Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын"
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрайық....
Енді осы Нұрды жүрегімізге мәңгі орналастырамыз. Нұрға толы бүкіл әлем біздің жүрегімізде. Оны осындай әсем қалпында жүрегімізде сақтаймыз.
Енді ақырын көзімізді ашамыз. Балалар, осы тыныштық сәтінде сендерде мен сияқты керемет күйге бөлендіңдер деген ойдамын. Барлықтарыңа үлкен алғысымды білдіремін.
Толық нұсқасын жүктеу
Өнер - өмір өрнегі
- ramuk_b
- 10 қаңтар 2018
- 3303
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өнер - өмір өрнегі, өзін өзі тану сабағынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Ойнай білу де - өнер
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту -...Ақылды тыңдай білу де өнер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Іздегенде табылатын қасыңнан
№249 мектеп – лицейінің мұғалiмі Жанибек Раушан Жанибеккызы...Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды ( отбасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.