Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: сыйластық, бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту
Міндеттері:
Оқушылардың бір - бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;
• Жомарттық және кішіпейілділік, кеңпейілділік сапаларын дамыту;
• Ізгілікке, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.
1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
2. Тыныштық сәті. (3 - 5 мин)
Баяусазды әуен үнімен үшке дейін санап, нұрға бөленуді ұсынамын:
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяғыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызға болады.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңіз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.
1. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
2. 43 - 46 беттер аралығындағы М. Мағауиндің «Бір атаның балалары» повестінен үзінді оқу.
Әңгіменің басты мағынасы, мәні неде?
Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар?
Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?
Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
3. Дәйексөз. (5 мин)
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ - жүректен шығады. Шәкәрім. Құдайбердиев
Жекелей
Топқа бөліп
Дәптерге жаздырамыз.
1. Әңгімелеу. (9 мин).«Кеңпейілділік» сөзін естігенде сендерге қандай ой түседі?
Бауырмалдық дегенді қалай түсінеміз?
Кеңпейілділік, бауырмалдық қасиеттерінен қандай ұқсастық байқайсыңдар?
Мұғалім сыйы
«Бейнебаян» Алма ағашы
1) Бейнебаянда не туралыбаяндалған?
2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?
3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңдіестеріңетүсіріп, мысалменайтыпберіңіздерші.
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Батыс Қазақстан обылысы Бөкей Орда ауданы Хан ордасы ауылы
Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Аманғкалиева Тәттігүл Болатқызы
Бауырмалдылық және кеңпейілділік жүктеу
Бауырмалдылық және кеңпейілділік
- aiboll
- 28 қыркүйек 2017
- 4544
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бауырмалдылық және кеңпейілділік, өзін өзі тану пәне бойынша ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Ойнай білу де - өнер
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту -...Жақсылықтан жақсылыққа
Сүйіспеншілік құндылығын мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық қасиеттері арқылы ашу....Ақылды тыңдай білу де өнер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды ( отбасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.