Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек 21 желтоқсан 1994 Өлеңдер 0 Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,Кім көңілді көтеріп, болады ермек?
Қансонарда бүркітші шығады аңға 21 желтоқсан 1650 Өлеңдер 0 Қансонарда бүркітші шығады аңға,Тастан түлкі табылар аңдығанға.Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? 20 желтоқсан 1503 Өлеңдер 0 Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?
Дүниеде не өлмейді? 20 желтоқсан 6049 Өлеңдер 0 Ағын су өлмейді,Асқар тау өлмейді,Аспанда ай мен күн өлмейді,Әлемде қара жер өлмейді.
Қалқаман - Мамыр поэмасы 20 желтоқсан 1955 Өлеңдер 0 Өткен іс – ойға күңгірт, көзге танық,Көрмесе де, білгенге бәрі қанық.Мың жеті жүз жиырма екінші жылҚазақтың Сыр бойында жүргені анық.
Сахараның шұбырған түйелері 19 желтоқсан 1777 Өлеңдер 0 Түнде менің түсіме жиі енедіСахараның шұбырған түйелері.Түйенің өркешінде жыр боталап,Түйенің боздауынан күй өледі.
Жауға шаптым ту байлап 19 желтоқсан 2049 Өлеңдер 0 Жауға шаптым ту байлап,Шепті бұздым айғайлап.Дұшпаннан көрген қорлықтанЖалынды жүрек қан қайнап,Елді-жұртты қорғайлап,Өлімге жүрміз бас байлап!
Сары аязда қата ма 19 желтоқсан 1414 Өлеңдер 0 Сары аязда қата маҚайнардың аққан тұнығы?Қап түбінде жата маБолаттың асыл сынығы?Халқың тозып, кем болмас,Әділ болса ұлығы.
Уа, Қарт Бөгенбай! 19 желтоқсан 1943 Өлеңдер 0 Уа, Қарт Бөгенбай!Құяр жауын аспаннан,Қара бұлт торласа.Пәлекет елде көбейер,Жігітті жігіт қорласа.
Түйе мойнын тұз кесер 19 желтоқсан 1529 Өлеңдер 0 Түйе мойнын тұз кесер,Жігіт мойнын қыз кесер,Сартылдаған сары аяз,Жылқының мойнын мұз кесер.Бұлан да бұлан, бұлан сан,Бұланның санын оқ тесер,Бұландап жүрген жігіттіңЖомарт қолын жоқ кесер!