Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Дүниеде не өлмейді?
- ramuk_b
- 20 желтоқсан 2018
- 5826
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дүниеде не өлмейді, Жиренше шешен, жиренше шешеннің өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Асқар таудың өлгені
Асқар таудың өлгені- Басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені- Аса алмай таудан қалғаны....Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 194 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аяпова Динара...Ана тілім-ардақтым
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Муздакова Армангуль Жараскановна...Не тәтті?
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектептің жоғарғы санатты мұғалімі Нұрмашева Шарбану Насырқызы...Дүниеде не өлмейді?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.