Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?
Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?
Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім?
...Түсінікті, сүйіктім, түсінікті айтпа енді,
Тұмар құсым кеткен-ау тырнағында перінің.
(О жылы біз ауылда оңаша үйде түрғанбыз)
Жаз да өтіп барады, қарлығашым жүр жалғыз,
Көзді ашып-жұмғанша көсеуін ап қолына
Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдан күз.
Ғанибет қой, шіркін-ай, шуылдасаң ұлардай,
Қиын екен жалғыздық қияда өскен шынардай,
Жалғыз қайтты сол жылы, жалғыз қайтты жыл құсы,
Жұмыртқа да таба алмай, балапан да шығармай.
Қарауытып көз алдым, қарап тұрмын досыма,
- Қарлығашым, қайта орал мекеніңе, шошыма.
Әжем менің күйбеңдеп, күбірдеп жүр аулада,
- О, бәтшағар өмір-ай, өмір дейтін осы да!..
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
- ramuk_b
- 20 желтоқсан 2018
- 1354
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың, Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген....Қараңғы түндердің шапағаты
Түндер келеді құбылмас қараңғылықпен дүниенің барлық жиіркеніштерін таса ғып, күндізгі сағымдай көз жауын алмай көлгір көркімен жасанып;...Балдызға (Екінші хат)
Жаздым сәлем балдызға. Ғашығым сіздей жалғыз ба? Осы ауылда кездестік, Көңілімді қалғызба....Досыма арнау
Достық, шіркін, ғасыр бойы өлмеген, Әлемді аса мейіріммен тербеген. Жан беруге дайын тұрар дос-сезім, Өлсе бірге жалғыз өлер Жерменен....Бүгін менің туған күнім!
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дәуітова Айнагүл Дәуітқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.