Тәуелсіздік - тұғырым, елім менің,
Кең - байтақ, жасыл шөп, жерім менің.
Тойланады, осы күн, ерлігімен
Он алтыншы желтоқсан ерлерінің
Тәуелсіздік - тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік - маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік - сыбағасы елімнің,
Тәуелсіздік - таймайтұғын тағым бұл.
Жанын қиып, қанша қинап жатса да,
Берілмеген Қайрат, Ербол, Ляззатқа
Өтей алмас қарыздар бар оларға
Алтын, күміс, қола тақса да.
Болашағын ойлап, өз елінің
Ұмытпаспын хас батырдың ерлігін,
Үлгі беріп жастарға, мына бізге
Патриоттарға басымды мен иемін
Тәуелсіз, азат елімді
Жанымнан артық көремін,
Бар тәніммен сүйемін,
Аялап, қорғауға уәде беремін.
Бүгін берік қолыма
Көк туымды ұстадым
Осы еді ғой аңсаған,
Бабамның да арманы.
Осы өлеңді мен арнайы 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай шығардым. Ия, білемін онша мағынасы жоқ, ұйқаспаған, алайда бұл өлең таза жүректен шыққан. Менің айтқым келгені, бізді осы байтақ қазақ жерімізде, тыныштықта бейбіт өмір сүріп жүруіміз үшін өз жандарын қиған батырларды ұмытпай, осындай қысқа болсын өлеңдерді сол батырлардың рухына бағыштап, олардың жүректе ұмытылмай мәңгі қалуына бәріміз ат салысайық. Мен өзім Семей қаласының номер 35 мектебінің 6 сынып оқушысымын. Өз елімді, жерімді жанымнан артық жақсы көремін, өскендеде патриот боламын. Отаныммен мақтанамын, осындай көрікті, әдемі жерлерде өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. Қазақ болып туылудың өзі мәртебе ғой. Мен өлгенімше қазақ елін мақтан етіп, қауіп түссе, қорғап, елімнің одан сайын құлпыруына ат салысамын. Сіздерден де соны талап етемін!
Тәуелсіздік күні
- okenovaaijan
- 27 қараша 2020
- 6069
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік күні, тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Менің туған өлкем
Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді....Тәуелсіздік алған күн
Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын....Тәуелсіздік
Тәуелсіздік – халқымыздың мақтандысы Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы Тәуелсіздік – ұлтымыздың азаттығы, Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы....Тәуелсіздік бастауы желтоқсан
Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....Тәуелсіз елдің патриотымын!
Тәуелсіз елдің патриотымын! «Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір - бірін өпкен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.