Шаңыраққа шашып тұрған шуағын,
Ақ әжешім деп әмәнда ұғамын!
Кимешекпен жүргенінде ортада,
Төрден көрем ұлағаттың бұлағын.
Қысы-жазы «бір-ақ көлік» мінері-
Қара кәлөш көрмеген бір көнеріп.
Қарды басып, суды кешіп өтеді,
Жазғұтыры жатқанда да тоң еріп.
Қара кәлөш-ақ әжемнің қос көзі,
Бастайтұғын біздің үйде көшті өзі.
Ақ әжем мен кәлөші оның тұрғанда,
Өмірімнің үйімде жоқ өшпегі!
Биғали Шоман
Қара кәлөш
- ramuk_b
- 10 қаңтар 2020
- 1527
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қара кәлөш, Қара кәлөш өлеңі, Биғали Шоман өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Бір күлгені сәбидің
Бір күлгені сәбидің – мың күн несіп, Баласы бар ата-ана шүкір десін. Өте берсін күндерің, кете берсін, Сәтті сәттер ішінен сүртілмесін!...
Ару көрсем-қара көз сұлуларын
Ару көрсем-қара көз сұлуларын, Мұсылманның иманды сұлу жарын, Қазақпа деп таң қалып таңдай қағам, Қазақ деген ерекше қандай адам!...
Жанашыр дос
Бұрмаса да бір мойнын маған несіп, Әр таңда үйдің сыртынан жабам есік. Ақ қарды айырып келатсам көше кезіп, Ала күшік қалмайды маған ілесіп....
Аясаңшы, қараша
Есік қақты Қараша Қазан кетіп, Тұнжыраймын тағы да мазам кетіп. Жетімсіреп қалыпты - ау айдын көлім, Аққу, үйрек, тырна мен қаздар кетіп....
Тар қамау
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.