Бір күлгені сәбидің – мың күн несіп,
Баласы бар ата-ана шүкір десін.
Өте берсін күндерің, кете берсін,
Сәтті сәттер ішінен сүртілмесін!
Сәби деген – сәтің бір ұмытылмас,
Бір сәбиге ғұмырдың мыңы тұрмас!
Сәби үні шықпаған әр үйіңнің,
Бағы емес – сапалақ жыны мұңдас.
Қызыл-жасыл өмірге қарашы бір,
Төбесінде күн мен ай жарасып жүр.
Қанша қызыл болса да, қанша жасыл,
Жылтыр өмір, әмәнда, баласыз – құр!
Биғали Шоман
Бір күлгені сәбидің
- ramuk_b
- 4 қаңтар 2020
- 3315
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бір күлгені сәбидің, Бір күлгені сәбидің өлеңі, Биғали Шоман өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Құйылған тегін ақша құт болмайды
Құйылған тегін ақша құт болмайды, Ешқашан еңбекшіл қол сұқ болмайды. Тер төккен адал істе ер басынан құт таймайды... үйінде жұт болмайды!...
Жанашыр дос
Бұрмаса да бір мойнын маған несіп, Әр таңда үйдің сыртынан жабам есік. Ақ қарды айырып келатсам көше кезіп, Ала күшік қалмайды маған ілесіп....
Сұрайтыным
Қайырылма, құйындаған күндерім, Түнере бер, тыншу берме түндерім. Жылдарым да, іздеп келме жоғалған, Оралмай - ақ қойшы жастық – тым керім....
Ақылды адам – өмірге бейімделер
Ақылды адам – өмірге бейімделер, Тылсымына әрі-бір зейін берер. Бақ құйылса аспа-төк – тасымайды, «Бұйырмаған-дей салар-кейін келер!»...
Сәби болғым келеді
Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.