Аяз үйге қуып кеп,
Бүгін сұмдық суық деп,
Қабат-қабат киіндім,
Мықтап буып-түйіндім.
Сырмақ, ішік, пальтоның
Сыртында бір бар тоным.
Паровозша пысылдап,
Өкпем қатты қысылды-ақ.
Қиын болды жүруім,
Жығылсам күш тұруым.
Көрем десең топқа кір,
Қазір мен де, доп та бір!
— Саған,— дейді халайық,
Домалаған лайық!
Аязда
- ramuk_b
- 22 желтоқсан 2024
- 1414
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аязда, Аязда өлеңі, аяз туралы өлең, тақпақ, Қадыр Мырзалиев
Ұқсас жаңалықтар:

Сары аязда қата ма
Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы? Қап түбінде жата ма Болаттың асыл сынығы? Халқың тозып, кем болмас, Әділ болса ұлығы....
Алдар көсенің сиқырлы тоны
Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен...
Қанағат керек
Керек емес сенің байып-шіруің, Одан жақсы еңбектене күлуің. Керек емес қымбат көлік мінуің, Одан жақсы қол ұстаса жүруім....
Кітап туралы жұмбақтар
Қабат - қабат қаптама, ақылың болса таптама. Ұзын - ұзын ұсқауын, Ұзынына кім жетер? Шұбар ала күйкентай, Шұбарына кім жетер? Кітап...
Алтын күз
Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел, жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.