Жақсысы атылған заман,
Жаманы сатылған заман.
Еркегі қатыннан жаман,
Қатыны шатылған заман.
Ібіліс ылыққан заман,
Бүлініп, былыққан заман.
Құлқыны құныққан заман,
Құдайын ұмытқан заман!
Байлыққа бас ұрған заман
Әптіңді қашырған заман.
Араны ашылған заман,
Адамы ашынған заман!
Талабын тасқа ұрған заман,
Тарыдай шашылған заман
Арамды ас қылған заман,
Адалды лас қылған заман.
Талағы тасырдан жаман,
Тарыдай шашылған заман.
Айласын асырған заман,
Абыройы ашылған заман.
Ұлдары ұрынған заман,
Қыздары қыдырған заман.
Түлкідей құбылған заман,
Түгелдей жын ұрған заман!!!
Заман
- ramuk_b
- 18 тамыз 2019
- 1100
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Заман, Заман өлеңі, Исраил Сапарбайдың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Әулие Мәшһүр Жүсіптің астрологиялық болжамы
Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр, Босаға мен төріңді аласта бір; Адамзатта болмаған алтын заман Келе жатыр Алладан Алашқа бұл....Уақыт туралы мақал-мәтелдер
Жыл деген ат басын бұрғанша, Ай деген аунап тұрғанша. Заман айнасы — замандас....Отырар кітапханасы
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман...Балдызға (Бірінші хат)
Сәлем жаздым балдызға Осы ауылда кез келіп, Қазақшылық ғұрпында Бар ғой деп қақым жезделік. Бұрын солай болушы ед, Кетпесе заман өзгеріп....Иррационал өрнектерді түрлендіру
Оқушыларды иррационал өрнектерді түрлендіруді және оларды шешу жолдарын меңгерту, рационал және иррационал көрсеткішті дәреженің анықтамасын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.