Дүние, ойлай берсем, жалған дейдi,
Әркім дi әлекке тек салған дейдi.
Дүниенi өле-өлгенше қуып-қуып,
Ауызы аңқиып [құр босқа] қалған дейдi.
Хикаят сөз бастайын әуел бастан,
Бұл күнде жүйрiк қайда таптан асқан?!
Сөзім дi құп тыңдайтын ғазиз болса,
Хикаят сөз жазайын бiраз дастан.
Заманды жылдан-жалға қуландырды,
Бойыңды алтын-күміс буландырды.
Келгенде жүз-тоқсанға бiр өлім бар,
Көзiңдi әлi-ақ бiр күн суландырды.
Дүниеден неше-неше өттi-ау жандар,
Құдайдан зар жылайды қорыққандар.
Кеудемде түрлi-түрлi уақиғам бар,
Айтайын, тыңдасаңыз, жарандар!
Өтiптi бiзден бұрын Мұрсалдары,
Дүниеден өтпеймін деп соның бәрi.
Қызығы бiр күнгiдей болмайды екен,
Патшалық, тақта тұрып, құрсаң-дағы!
Арасы – топырақ пен алтын, күміс,
Ағаштың бәрiне де бiтпес жеміс.
Бiреу-бай, бiреу-жарлы, бiреу-кәрiп,
Дүниенi жаратқан жоқ тiптi тегiс.
Алтыннан жер астында кім ге пайда?
Дүниеде ажал келсе, болмас айла,
Болмағың жақсы-жаман Құдiреттен,
Шөп шықпас, су жүрмесе терең сайға!
Бiз-түлкi, ажал бүркiт қоймайтұғын,
Нәпсіміз- бiр аждаһа тоймайтұғын.
Күнәмыз- мықтап тиген ол- бiр киім ,
Нәрсеге одан басқа болмайтұғын!
Тiліміз- өткiр қылыш қойған қайрап,
Жұтады отыз тiсiң, нәпсiң шайнап.
Тамырың алпыс екi-жiп секiлдi
Бекiтiп дүниенi қойған байлап!
Нәпсi аждаһа
- ramuk_b
- 12 желтоқсан 2018
- 1308
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дүние, нәпсі туралы өлең, Нәпсi аждаһа өлеңі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ер жігіт дүниені көргені артық
Ер жігіт дүниені көргені артық, Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық. Түскендей аспан жерге іс болса да, Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық....Дүние мен өмір
Бiлiмдiлер насихат көп жазады, Адам үшiн уайым жеп жазады. Байқап оқып отырсам, cоның бәрi Дүниенi «сұм», «алдамшы» деп жазады....Ажал туралы мақал-мәтелдер
Ажал ажарға қарамайды. Ажал келмей жан шықпас, Қысыр сөзден мән шықпас....Жылау, көз жасы туралы мақал-мәтелдер
Жыламаған балаға, Емшек бермейді. Жылайын деген баланың Үш күн бұрын көзі қышиды....Жарты нан
Айтатын құран сөзiн молда қайда? Дүние үшiн ойлағаны амал, хайла. Айтайын бұрынғының нақыл сөзiн Қайырдан аз да болса көрген пайда....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.