Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Теспей қанын зулатқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан
Кешегі Орақ пенен Мамайдай
Батырлар, шіркін, болар ма-ай!
Олардай болып жүруге
Біздерге қуат толар ма-ай!
Қазақтан бір құнт кетті деп,
Біздерге нәубәт жетті деп,
Бұзылды көңілім жыларға-ай!
Азамат ердің баласы
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар -
Талаудан татқан дәмі бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар -
Дұшпанға кеткен кегі мен
Барымтаға түскен малы бар.
Өкініш
- ramuk_b
- 16 қараша 2018
- 1379
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өкініш өлеңі, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері, Махамбет Өтемісұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Белгілі биік көк сеңгір
Белгілі биік көк сеңгір Басынан қарға ұшырмас, Ер қарауыл қарар деп, Алыстан қара шалар деп;...Ерлік туралы мақал-мәтелдер
Ерді намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер. Ерлік білекте емес, жүректе....Қылығың қылжаң, туысқан
Қылығың қылжаң, туысқан, Қырт пенен мылжың ағайын, Бәрінен де дауасыз, Өсекті қайтіп бағайын?...Ұл туса
Күн қақты ердің астында Көп жүгіретін күлік бар. Көн садақтың ішінде Көбе бұзар жебе бар....Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Атырау облысы,Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.