Өзімді жүрегіңнің есі қылдың,
бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым.
Өзіңді мен де оңаша қиялдадым,
жаным деп жүрегімнен күй арнадым.
Жас сезім гүлдей нәзік, адал да едім,
тек сенен бақытымды табам дедім.
Айлы түн қыз жанынан сыр ұрласа,
сен дедім ерке самал сыбырласа.
Жатсындым, өзгелерді көзге ілмедім,
сен бірақ жан күйіңді сездірмедің.
Бейнемді көңіліңнен шығармадың,
мен бірақ кезінде оны ұға алмадым...
Өмірде өткелі көп, әні қысқа,
ал бұған кінәлі кім - жазымыш па?
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың
- ramuk_b
- 6 қараша 2018
- 1183
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өзімді жүрегіңнің есі қылдың өлеңі, Фариза Оңғарсынова өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жүректе жатыр бар кінәм...
Шағала құстай, теңізді аңсап, шарқ ұрам. Сағыныш емес, Жанымды өрті шарпыған., Өкініш емес, өрт болып бойда өрілген, Өлеңді сүйген жүректе жатыр бар...Кешір мені
Кешір мені... Келмес күндер үшін де кешімдегі, Мен артыма қарамай кетіп барам Сол үшін де жарығым кешір мені...Қарапайымдылық туралы ұлағатты сөздер
Кеше мен əлемді өзгертуге тырысатын "өте ақылды" адам едім. Ал бүгін өзімді өзгертуге жұмыс жасайтын қарапайым адамға айналдым. Жалаладдин Руми...Онегиннің өлердегі сөзі
(А. С. Пушкиннен) Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп....Тезекке тепсіну
Ойланып қара, хан сұлтан, Жолы қандай жақсының. Үйіңе келген кісіні Өлтірем деп қожаңдау - Ісі емес пе бақсының?! Өрістен ұрлап жегенің, Сүйек...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.