Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары,
Бір ғажап от лапылдатып барады.
Шұғыласы алаулаған жалынның
Албыраған екі бетке тарады.
Сонда жігіт сүйінді:
- Кім тапты екен сүюді?!
Білсем, іздеп барар ем,
Тәңіріге санар ем!
Енді бірде момақансып жанары,
Қабағынан қар жауды да түксиді.
Жүрегінің жалындаған алауы
Баяғыдай лапылдамай бықсиды.
Сонда жігіт күйінді:
- Кім тапты екен сүюді?
Білсем, іздеп барар ем,
Басын шауып алар ем?
Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары
- ramuk_b
- 23 қазан 2018
- 1500
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары өлеңі, Әбіш Кекілбаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Үш жалқау
Үш жалқау жігіт күн кешкіре бір үйдің тұсына келеді. Ертеңгі жеріне ерте жету үшін ілгеріліп қонуды ойлаған олар үйден шыға келген қыздан...
Кедейді байытқан дұға
Ертеде бір кедей тау беткейінен отын шауып, кептіріп, жақын жердегі қалаға апарып сатып отбасын асырап жүреді. Қалаға барар жолында үлкен өзен бар...
Бидай туралы мақал-мәтелдер
Қара жерден аппақ бидай өнеді. Бидайдың барар жері — диірмен....
Неге жыламасын?!
Неге жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам....
Қандай екен сүйіктіңнің жанары
Келісті екен, келісті екен ғашығың. Айтып жібер біз де естиік, аты кім? Білем шашын, білем қасын, көзін де, Бірақ, атын әлі білмен өзім де....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.