Адам сәні барлық шақта
Аброй, бірлік ынтымақта.
Шында ғана тұрақтылық,
Күйе жұқпас көңіл аққа.
Менде ағайын, жақын жоқ па,
Зая қылар барды жоққа.
Қылдан тайса қылтық етіп,
Нысана ғып байлар оққа.
Көңілденсе көзге мақтап,
Жамандайтын сырттан мықтап.
Өзі мықты, өзі білгіш,
Қолдағанын қалмақ сақтап.
Ашуланса пәле жаппақ,
Аузын алсаң, алмақ ақтап.
Көпірме сөз көсіледі,
Іркілмей-ақ бойға шақтап.
Болыссызға кінә тақпақ,
Бар мініңді іздеп таппақ.
Жақынына опасыз жан
Кенелтпекші кімді жақтап.
Туысқанға өтпейді кек,
Кінәласса болғаны тек.
Ағайын боп бал жаласпақ,
«Түбі бірге түтпейді» деп.
Мұндай жақын кімге қымбат,
Кімге адамдық опа қылмақ.
Бұзылмалы сабындай-ақ,
Толқымалы болса сынап.
Өзіме өзім қойдым сұрақ,
Жауабымда шыннан шырақ.
Адал жолдас, жаны туыс,
Маңымда жоқ, бәрі жырақ.
Шыны осы
- ramuk_b
- 23 қазан 2018
- 1042
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шыны осы өлеңі, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қаздауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігі туралы
Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын,...Ләйлім шырақ
Ләйлім шырақ, дегенге, Ләйлім шырақ, Таудың аққан құм қайрақ сен бір бұлақ. Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек, Шідерімнің бағасы қырық қысырақ....Қара сөздер. Абайдың алтыншы қара сөзі
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік...Қылығың қылжаң, туысқан
Қылығың қылжаң, туысқан, Қырт пенен мылжың ағайын, Бәрінен де дауасыз, Өсекті қайтіп бағайын?...Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды
Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды, Ақылымның есігінен аттай бере жығылды. Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап, Кей пенделер қайнатады-ау,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.