Қиындық кезең сындары
Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары
Тағдыры талай боздақтың.
Аттанып ердің дүрмегі,
Отан деп келді сөз басы.
Соғыстың күңгірт күндері -
Жесірдің ащы көз жасы.
Алыстап жылдар барады,
Білініп уақыт бағасы.
Соғыстың зарлы заманы -
Жетімнің қайғы-наласы.
Ерлікке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ер ісі.
Соғыстың соңғы көктемі -
Солдаттың асқақ Жеңісі.
Жақыны қамығып ойланған,
Тағдыры солай болса бір.
Оралмай қалып майданнан
Хабарсыз кетті қаншама ұл.
Тап келіп қиын кезеңге,
Үміттің жібін жалғаттың.
Жесірі еді әжем де
Хабарсыз кеткен солдаттың.
Жалғанбас үміт бекерге,
Елдегі көңіл - толы арман.
Майдангер еді әкем де
Соғыстан аман оралған.
Десек те жылдар өтесің,
Көңілде үміт алаң ба.
Хабарсыз кеткен әкесін
Жол қарап тосқан анам да.
Өтсе де жылдар көшкіндей,
Білінер жоқтың бағасы.
Әкемнің сонда қос бірдей
Хабарсыз кеткен ағасы.
Тарихты білер Далам бар,
Кетсе де ұрпақ алға тым.
Сондықтан әр кез адамдар
Еске алар соғыс солдатын.
Өссе де ұрпақ тербеле,
Демейік өткен солғындар.
Ұмытылмай жатсын кеудеде
Соғысты көрген тағдырлар.
Жеңістің мәнін ұғасың,
Бағасын білсең бұл күннін.
Сұрапыл жылдар куәсін
Құрметтей, ұрпақ, жүр бүгін!
Соғысты көрген тағдырлар
- ramuk_b
- 16 қазан 2018
- 1426
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Соғысты көрген тағдырлар өлеңі, Ғабиден Қожахмет өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қоштасу
Қош бол, досым, жақыным! Уақыт тығыз, сөз қысқа. Кетіп бара жатырмын Сұрапыл бір соғысқа....9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған құттықтаулар
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Омырауларында жарқыраған орден -...Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты: Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен...Бейбіт күн жасасын әлемде (9 мамыр жеңіс күніне)
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз...Біз Жеңістің ұрпақтарымыз
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің экономика пәні оқытушысы Бәйімбетова Алтынай Амангелдіқызы Ашық тәрбие сағатының жоспары...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.