(М. Ю. Лермонтовтан)
Менің сырым, жігіттер, емес оңай,
Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның — арым мен бір-ақ құдай.
Жүрегім екеуіне жалбарынар,
Рақымдық пен әділ сор деп жалынар.
Мен тентек пе, түбінде кім жазалы,
Қайғыны жіберуші өзі сынар.
Надандар былшылдайды, құп алмайды,
Үлкен жанның қиялын ұға алмайды.
Теңізден таудай толқын соқса-дағы,
Жағадағы жартасты жыға алмайды.
Құдай мықты жаратқан үлкен жартас,
Былш-былш еткен, бет бұрып, судан қайтпас.
Бұлтта суық дауыл, жаймен сырлас,
Өзгені жан екен деп сырын айтпас.
Менің сырым, жігіттер, емес оңай
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1428
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің сырым, жігіттер, емес оңай өлеңі, Лермонтов шығармасынан аударма
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың қырық бесінші қара сөзі
Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі,...Қара сөздер. Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі
Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді,...Асыл жарға арналған өлең шумақтары
Асыл жар, аяулы жар, құдай қосқан, Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан. Егер де сен болмасаң, көкте күн мен, Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!...Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы
СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы...А.Құнанбайұлы /ұялы телефонға/
Өлеңдері, Аудармалары, Қара сөздері, Поэмалары және өмірбаяны.Бұл жинақ мектеп оқушыларына өте тиімді. Әдебиет пәнінен тапсырма бергенде...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.