(М. Ю. Лермонтовтан)
Мұңлы шайтан — құдайдың қуған жаны,
Күнәлі жер кез келіп бір ұшқаны.
Өткен жақсы дәурені ойында оның,
Сондағы не көргені, не қылғаны.
Ол күнде нұрлы бейіш ішінде екен,
Өзі де періштелер түсінде екен.
Жылы жүзбен жұлдыздар жылжып жүріп
Сәлемдесер, сөйлесер күшінде екен.
Ол күнде көз жетпесті көп көздеген,
Түгел білем қайда екен деп іздеген.
Жапа-жалғыз білімнен бақ шықпайды,
Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген.
Босағасы кең еді, төрде орын тар,
Төрде жалғыз отырмақ ойында бар.
Жалғыздық — бір тәңірінің сыбағасы,
Өршілдікпен лағнетке болған душар.
Құдайым шайтансың деп, лағнет етті,
"Лағнетпен" де қор бола қалман депті.
Алладан қарғыс алған кеудесінен
Сүю мен сол сағатта сенім кетті.
Адаммен сонан бері болды кекті,
Өлмес, өшпес өзіне көзі жетті.
Не қылғанмен қуанар болмаған соң,
Несіне жер дүниеге пәле септі?
Тиянақ, сенім, сүю көрмей өтті,
Алаң-жұлаң етіпті, тентірепті.
Алласыз дос таппады, сыр таппады,
Неше мың жыл кезсе де төңіректі.
Жаманды күнде азғырса, жан демейді,
Жақсы жаннан кей-кейде таяқ жейді.
Күнінде неше бүлік шығарса да,
Еңбегі жанған жан боп сүйінбейді.
Сүйтсе де жамандыққа бір тоймаған,
Антұрғандық қылығын еш қоймаған.
Баяғы алдау, ескірген кәрі иттікпен
Не қылдым, не бітірдім деп ойлаған.
"Ақылға, өмірге де адам кенде,
Өлмес өмір, қайрат, күш — бәрі менде.
Күнінде жүз қуанып, күліп жүрген
Осы адам уайымсыз не еткен пенде?"...
Шайтан
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1510
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шайтан өлеңі, Абай Құнанбайұлының өлеңдері, Лермонтов шығармасынан аударма
Ұқсас жаңалықтар:
Тілек
Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз: Ең шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа....Жығылмасын махаббаттың жалауы
Сезім сәттің айтсақ та оңай ұранын, Өмір бір күн тоса қояр сұрағын - Дедің-дағы, сол сезімнің Сен бірде Биігі мен тауы не деп сұрадың....Тілек
Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз: Ең шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа....Қара сөздер. Абайдың он бесінші қара сөзі
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты...Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам
Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам, Бұл күнде сымдай тартылған. Лүп етіп самал соқса да, Ызыңдап қалар антұрған....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.