Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із,
Папа, сіздің бүгін туған күніңіз!
Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен
Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз.
Әрқашан да аман - есен жүріңіз!
Қос қызыңыз – өмірде қос гүліңіз.
Әзіліне құрбы менен құрдастың
Туған күнде шаттаныңыз, күліңіз!
Сізден әр кез тәлім атты көрер із
Қос гүл болып сізді жақсы көреміз.
Әке, сіз бен анамызға тең келер
Табу қиын мына өмірде теңеу із.
Қыздарыңыз еңбекті әр кез ұғынды,
Құтты болсын 50 - іңіз бүгінгі!
Жанымызда асқар таусыз біз үшін,
Сіз жоқ жерде орыныңыз білінді.
Туған күннен тек сыйластық білінер,
Сізді де, ана, құрметтейді бүгін ел.
Жеңгей десе сізге еркелеп қайнылар,
Апай дейді сізге еркелеп сіңлілер.
Сіздерменен отбасымыз көктесін!
Біздің үйден шаттық күлкі кетпесін!
Әке, Ана қос бұлағы перзенттің,
Перзент үшін одан артық жоқ та есім.
Өтсе мейлі жылдар, күндер, айлар шын –
Біздің үйге тек қуаныш айналсын!
Шалдықпастан 100 - ге, папа, жетіңіз!
Сіз туған күн жылда осылай тойлансын!
Туған күннен жылда әсер ұғыңыз!
Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз.
Біз бар жерде жайдарысыз, себебі
Қос қызыңыз – сіздің шаттық гүліңіз!
Сізді әрдайым перзент көңіл сағынар,
Сіз жоқ жерде жанымыз да жабығар.
Аман - есен ортамызда жүріңіз,
Сізбен ғана жан - жағымыз толығар.
50 жасқа толғанда, Әке, шаттықпен
Қос гүліңнің ақ тілегін қабыл ал!
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы
- ramuk_b
- 1 қазан 2018
- 4989
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 50 жас туған күнге құттықтау, 50 жас мерей той, өлең 50 жасқа құттықтау
Ұқсас жаңалықтар:
Әкені қызының құттықтауы
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер....Қызының анасына құттықтау тілегі
Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың. Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін Ақ тілектер тасқындайтын туған күн....1 Қазан - қарттар күніне арналған құттықтау тілек
Ата - Әжеге Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз....60 жасқа арналған құттықтау тілектер
Жан Әке, құтты болсын 60 жасың, Біз үшін ардақты ғой алтын басың. Немереден көріңіз шөберені, Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын. Құтты болсын қуанышты...Туған күнге арналған тілектер
Тілегім көп сізге айтар тек жақсылық Жақсы тілек айтыла берер баршылық Туған күнде шаттанып бір қуанышқа Жасап қалып жасарыңыз бір жасқа...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.