Сайтқа кіру Тіркелу

Арал өңіріндегі ауа бассейнінің ластануы және оған қарсы экологиялық шаралар.

Атмосфераны ластайтын заттар агрегаттық күйіне орай қатты, сұйық, газ түрінде және аралас болады. Ауа табиғи және антропогендік жолмен ластанады. Табиғи жолмен түсетін заттардың негізін шаң - тозаң құрайды. Шаң ауада қалқып жүрген майда қатты бөлшектер және ол атмосфераның құрамындағы тұрақты бөлігі. Атмосфераға табиғи жолмен түсетін шаң тегі жағынан екі түрлі. Оның бірін тау жыныстарының үгілу процесінен пайда болған өнімдері, жанартау атқылағанда, орман - тоғай, далалық шөп жамылғы мен шымтезек жатындары өртегенде, мұхит пен теңіз бетінен су буланғанда шығатын заттар құрайды. Енді бір бөлігі жер бетіндегі органикалық қалдықтар шірігенде (H2S, NH3, CO, CO2, CH4, т. б.) пайда болады. Сондай - ақ тірі заттардың кейбіреулері атмосфералық ауада қалқып жүреді, мысаллы аэропланктондар, яғни бактериялар, өсімдіктердің споралары, саңырауқұлақтардың кейбір түрлері. Жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болғандықтан шаңды көп мөлшерде атмосфераға шығарып, жан - жаққа шығарып тұрады.
Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы, Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан Республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысының байтағы 228, 1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3, 9 проценті тұрады. Бір шаршы шықырым жерге 2, 7 адамнан келеді.

Қызылорда облысы шығысы мен оңтүстік шығысында - Шымкент, оңтүстігінде Өзбек Республикасымен шектеледі. Батысында - Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдарымен қоса 28, 5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына кіреді. |Бұл облыс байтағының барлық көлемінің 11, 8 проценті. Оңтүстігіне - Қызылқұм шөлінің Солтүстік бөлігі, солтүстігіне - Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және орталық Қазақстаның шет аймағына кіретін шөлейт үстірті.

Биосфераны құрайтын материалдық әлемдердің ішінде атмосфералық ауаның өзіндік ерекшелігі бар. Олай дейтініміз, жер бетіндегі табиғи және антропогендік нысандардың шеңберінен тысқа шығатын заттардың қай - қайсысы болса да олардың көпшілігі ең алдымен атмосфералық ауаға тарайды. Сол себепті оның құрамы ұдайы динамикалық өзгерісте болып тұрады. Ауаның құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері геологиялық дәуір ішінде қалыптасқан денеде тұрақты болса ғана ол биотикалық әлемге жағымды, абиотикалық әлемге қолайлы. Атмосфераның тірі табиғатқа жағымды жақтарын тәптіштеп тізбей - ақ бірлі – жарымын еске сала кетсек, мысалы, жер бетінде тірі табиғатты ғарыштық радиациядан, әсіресе, ультраккүлгін сәуледен қорғаудың өзі не тұрады. Атмосфера сонымен бірге тіршілікке қажетті оттегінің көзі. Планетаның климаты және жер бетіндегі жылү режимі, көптеген химиялық қосылыстардың табиғи айналымы атмосфера арқылы реттеледі және ол топырақ құнарының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Олай болса, атмосфера өзінің биосфералық қызметтерін қалытқысыз орындау үшін оның құрамы таза болғаны абзал, яғни ондағы кейбір заттардың мөлшері конституциялық деңгейден ретсіз артық болмауы тиіс. Өкінішке орай, атмосфераның қазіргі сапасы көңілге қобалжу түсіретіндей күйде десек артық айтқандық емес. Өйткені, оның ластану деңгейі өте жоғары болып тұр.

Атмосфераның құрамында мұхит пен теңіз айдынынан буланған сумен түсетін органикалық емес тұздар баршылық, мысалы, 1, 0 т/м су буланғанда онымен бірге 0, 5 грамм тұз түседі. Егер әлемдік мұхиттың айдыны 500, 0 млн екенін ескерсек, буланған сумен жыл сайын 250, 0 млн тоннадай еріген заттар атмосфераға шығып тұрады. Сол заттардың құрамында J, Br, Pb, Zn, Cu, Ni тағы басқалары бар. Соның ішінде тек иодтың өзі 50, 0 мың тонна болатын көрінеді. Әйтсе де құрлық бетінен шаңмен бірге кететін металдың мөлшері онан әлдеқайда көп және оған жыл сайын ғарыштар жер бетіне түсетін 1, 0 млн тоннадай ғарыштық шаң қосылады. Атмосфераны негізгі ластайтындар антропогендік нысандар - өнеркәсіп өндірісі, жылу энергиялық, мұнай және газ өңдеу салалары, көлік, тағы басқалары. Бұлардың қай қайсыда өзіне тән құрамында ондаған мың түрлі заттары бар қоспалар шығарады. Дегенмен атмосфераны ластайтын негізгі затардың құрамы көп емес.
Республика аумағында ауа кеңістігін ластауға қомақты үлес қосып отырған автокөлік. Ол қай жерде болмасын жылдан жылға көбейіп барады.
р/с Қалалар Жылдар
------------2012ж---2013ж-----2014ж
1 Алматы 234,6----134,9-----850, 0
2 Ақмола 51, 2----140, 0-----120, 0
3 Өскемен 64, 3---321, 7----170, 0
4 Жамбыл 48, 5----59, 7------179
5 Қарағанды 70, 3-61, 6------601, 6
6 Шымкент 76, 3---1370------240
7 Қостанай 40, 1----33, 5------69, 5
8 Павлодар 135, 2--145,9-----763

Қызылорда облысының ауа кеңістігінде бұл жағдай тым тәүір деп айтуға болмас. Облыстық табиғат қорғау басқармасының мәліметіне жүгінсек, қалада және оның төңірегінде ауа ластаушылар ТЭЦ - 6 мен ауданаралық жылу жүйесінің қазандықтарында газ тазалағыш қондырғыларды орнату жөніндегі іс - шаралардың жүзеге асырылмауын ешқандай сылтаумен ақтауға болмас. Сондықтан бұл мекемелер ауаға шығып жатқан зиянды заттардың жобаланған деңгейін ұстап тұруға шамалары келмей отыр.
Қызылорда облысының ауа бассейніне шығып тұрған улы заттардың мөлшерін аз деуге болмайды. Оған облыстың аумағымен көрші орналасқан Жезқазған, Шымкент облыстарының жерінен ауа ағынымен келетін улы заттар қосылады. Соның өзі бұл өлкенің тірі табиғатын аздыруға жетіп жатыр.
Қызылорда облысының егістік далаларында дәнді дақылдардың дәні қысық, салмағы жеңіл, сапасы төмен болып жүргені белгілі. Бақша, көкөніс, жеміс - жидек дақылдарының өнімі де мәз емес. Жаз айларында оқта текте жауған жаңбырдан кейін қауын - қарбыздың, қиярдың пәліктері мен жапырақтары қурап қалып жатыр. Тіпті сәл ғана сіркіреп жауған жаңбырдың өзі жайқалып тұрған бақшаның ұйқы - тұйқысын шығарады. Жауын суындағы тұздардың ( тұзды жаңбыр) әсерінен жеміс ағаштарының жапырағы қурап, отқа күйгендей қарайып, ширатылып қалатыны жиі кездеседі. Осының бәрі атмосфералық ауаның ластануынан болып тұрған жағдай.
Қазақстанда ірі - ірі өнеркәсіп орталықтар жаңа қалалар, зауыттар мен фабрикалар бой көтерді. Олардың саны жылдан - жылға көбейе түсуде.
Атмосфералық ауаны негізгі ластаушы көздері - жылу электростанцияларын зауыттар мен фабрикаларды, мұнай мен газ өндірісін айтуға болады.
Шикі мұнай өзінің тірі табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын. Мұнайдың буы онша зиянда болғанымен, бірақ сұйық мұнай адам денесіне тисе әр түрлі тері ауруын қоздырады.
Бензин мен керосин адам организміне тыныс жолдарымен кіріп, онан ішек қарын арқылы қанға өтеді, сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде аяғы өлімге апарады (егер концентрациясы 0, 040 мг/м3 дейін болса), ал бензиннің ПДК - 0, 0003мг/м3
Ауа бассейнін ластауға олардың қосып отырған үлесі едәуір десек бұл шындық. Соңғы алты жыл ішінде айналаның ластануы 2, 1 есе ұлғайғанын айтсақ та жеткілікті. Атмосфералық ауаға ұшқан шаң - тозаң мен улы заттардың мөлшері тек 1992 жылы 43, 0 мың тонна болған екен. Нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар. Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Қазгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір шаршы километріне жылына орта есеппен 1, 13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.
Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ау бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр.
Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын - шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары болмайды, соның себебінен қалалар үнемі қалын зиянды улы тұманмен оранып жатады.
Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың болуы да өте қауіпті.
Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер:
1. Мұнай – газдан шыққан отты факельді азайту
2. Шаңды дауылға тосқауыл құру
3. Зауыттардан шыққан газдарға фильтірге қосу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары

Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті №176 орта мектеп Игембаева Гүлнар Ыдырысқызы...
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Қарағанды қаласы, №6 Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Тәжит Манат Жанатқызы Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау...
Химия пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім беру

Химия пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім беру

№44 орта жалпы білім беретін мектеп Баяндама тақырыбы: «Химия пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім беру» Химия пәні мұғалімі: Орынова Г....
Физикалық факторлар нәтижесінде  қоршаған ортаның ластануы

Физикалық факторлар нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы

Наурызбаева Жұлдыз - КМҚК «Құрылыс колледжі» ШҚОӘББ, 2-курс студенті Ғылыми жетекші: физика және астрономия пәні оқытушысы Серікова Назерке...
Экологиялық білім  - химия сабақтарында

Экологиялық білім - химия сабақтарында

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Асан Гүлзада...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×