Сайтқа кіру Тіркелу

Күн сәулесінің адамға пайдасы пайдасы

Кіріспе
Ғаламшар деген не? Ғаламшар қалай пайда болды?
Біздің ғаламшар 15 миллиард жыл бұрын өте үлкен жарылыс салдарынан пайда болған. Жарылыстан кейін ғарышта алып газ бен шаң бұлттары пайда болды. Тығыздана келе олар жұлдыздарға айналды.

Күн аспандағы ең жарық жұлдыз. Меркурий – ең жылдам және қозғалмалы ғаламшар – римдік жолдар мен жолаушылар құдайы. Шолпан – римдік сұлулық құдайы. Марс – аспанда күрең қызыл түспен жарқырап тұрады, сол үшін соғыс құдайы атауын алды. Юпитер – жұлдыздар арасында баяу қозғалады. Сатурн – уақыт құдайы. Уран, Нептун және Плутонды қараусыз көзбен көру мүмкін емес. Уран – Юпитердің атасы. Нептун – өзендер құдайы. Плутон – қараңғылық пен жер асты патшалығының құдайы. Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтары Плутон. Ғаламшар – өзінен жарық шығаратын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Ғаламшар белгілі бір орында тұрмайды. Олар айналып аспан әлемінде жүреді. Күнді айнала қозғалады және олар шар тәріздес. Сонымен, бұрын күн жүйесінің 9 ғаламшары болса, қазіргі күнде 8 ғаламшар бар екенін білеміз. Плутон ең кішкентай және ең суық ғаламшар болғандықтан ғалымдар оны ғаламшарлар ішінен алып тастады.

Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден - ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашқы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек қарастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын центрі ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің центрінде орналасқаны жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Греция ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізіне алды. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым - энциклопедист Аристотель осы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді. Сол кездің өзінде-ақ Айдың тұтылуы бойынша жүргізілген бақылаулар арқылы, Жер пішінінің шар тәрізді екені белгілі болды. Ол Жердің қозғалуын аспандағы жұлдыздардың орнын ауыстыруынан байқауға болар еді деген болжам айтты. Аристотель Жер - Әлемнің табиғи центрі болғандықтан, ол ешқайда құлап кетпейді және барлық ауыр денелер осы центрге қарай ұмтылады деген пікірде болды. Аристотельдің мұндай түсіндірулері, қазіргі көзқараспен қарағанда, өте қарапайым болғанымен, сол кезең үшін әжептәуір жетістік еді. Біздің заманымыздың II ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Александриялық Клавдий Птолемей (90 - 160 жж.) өзінен бұрын өмір сүріп, кейінгілерге жол салып кеткен Аристотель, Гиппарх, т. б. еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген, геоцентрлік (грекше гео - жер) жүйесін жасады. Ол дүниенің центріне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді.

Дүниеге геоцентрлік көзқарас астрономияда он төрт ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік етті. Дегенмен планеталардың орналасуы жөніндегі бақылау мәліметтері молайған сайын, К. Птолемей тұжырымдары түзетулер енгізуді қажет етті. Оны XVI ғасырда ұлы поляк ғалымы Николай Коперник жүзеге асырды. Жердің Күнді айнала қозғалатыны туралы болжам жасаған Бируни болғаны бізге тарихтан мәлім. Ол Жердің қозғалысы мен пішіні, Жер шарының радиусын анықтау тәсілі туралы жазды, Жер глобусын жасады, 20 жыл бойы Күннің қозғалысын бақылады. Бируни Күнді отты шар деп есептеп, Күн тәжінің түтінге ұқсас табиғаты жайлы пікір айтты. Оның еңбектері мұқият орындалған бақылаулар мен зерттеулерге негізделді. Бируни көп саяхат жасады. Сол кезде ол аспан шырақтарына қарап бағдарлаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты. Бируни жинақтаған материалдары мен бақылауларын қорыта отырып, 1031 жылы астрономияның әр түрлі мәселелерін баяндауды қамтитын үлкен еңбек жазды.

Ол кітап 1887 жылы Лондонда алғаш рет араб тілінде басылып шықты. Бируниге дейін мұндай ғылыми жүйеленген еңбек жазылмаған, әрі ортағасырлық әдебиеттерде бұған теңдес еңбек болған жоқ. Ежелгі адамдар да Күннің қалай қозғалатынын білгісі келген. Алайда, сол бір уақытта көзбен көрген сезім мен түйсікке ғана сүйене алатын еді. Ертеде Күн таңертең шығыс қақпадан шығып, кешкісін батыс қақпаға барып кіреді деп ойлаған. Жер Күнді емес, Күн Жерді қозғала айналады деп болжаған. Ежелгі Қытайда Жерді төртбұрышты деп ойласа, үнділер жерді алып піл көтеріп тұр деп ойлаған.
Күн – Галактиканың қарапайым жұлдыздарының бірі. Күн бізге шуағын шашып, жарығы мен жылуын беріп тұрған жұлдыз. Күннің төңірегінде жерді қоса есептегенде 9 ғаламшар болған. Ғаламшар – грекше «кезбе» деген сөз. Ғаламшардың күн төңірегіндегі жолы Орбита деп аталады( латынша – із, жол). Күн жүйесіндегі ғаламшарлар 2 топқа бөлінеді. Жер тобындағы ғаламшарлар және алып ғаламшарлар. Күн қатты қызған беткі температурасы 6000⁰С плазмалық шар.
Күннің құрылысы.
1 - Гелийлік ядро, 2 – конвекция, 3 – хромосфера, 4 – фотосфера, 5 – күн дақтары, 6 – протуберанецтер, 7 – тәж. Күн жүйесінің жасы 5миллиард жылға тең. XVIII ғасырдан бастап Күн жүйесінің шегі үнемі ұлғайып келеді. Аспанда ашық түнде қараусыз көзбен 3000 - нан астам жұлдыз болады. Жалпы жұлдыздар саны шамамен 6000 - нан астам деп есептеуге болады. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен.

Күн сәулесінің пайдасы.
Күн сәулесі жер бетіне жеткенде, үшке бөлінеді: жылылық сәулесі, көзге көрінетін ақ сәуле және көзге көрінбейтін ультракүлгін сәуле. Бұлардың пайыздық қатынасы жыл мезгіліне, тәулік уақытына, географиялық орнына қарай өзгеріп отырады. Қарашадан бастап ақпан айына дейін біздің елімізде ультракүлгін сәуле жоққа жақын. Наурыз айынан бастап ол сәуле көбейе береді де, маусым, шілде айларында көбею шегіне жетеді. Одан кейін керісінше азаяды. Тәулік ішінде сағат 10. 00 - нан бастап сағат 13. 00 - ке дейін көп болады да, сағат 15. 00 - ден бастап азаяды. Күн шуағының көмегімен адам өзінің өмірін ұзартып, денсаулығын шыңдай алады. Дегенмен, қазіргідей аптап ыстықтың адам ағзасына зияны көп.

Мысалы, ыстықта адамнан көп тері бөлінеді. Ал тері көбірек бөлінсе, ағза кальций, магний, натрий, калий секілді минералды заттардан айырылады. Мұның салдарынан жүрек бұлшық еті әлсірейді. Жүрек тез қағады. Сөйтіп, адам тез шаршайды. Бұл түрлі аурулардың пайда болу қаупін туғызады. Сондықтан, әсіресе, жасы үлкен адамдар дәрігерлерге жиі барып, тексерілгені жөн. Сонымен қатар жүрек аурулары мен қалқанша без ауруларына шалдыққандар абай болғаны дұрыс. Ыстықта гипертониялық және жүрегінің ишемиясы бар адамдарда жүрек ұстап қалу қаупі бар. Қан қысымы төмен адамдарда әлсіздік пайда болады. Өскемендегі күн сәулесінен батареялар шығаратын зауыт бұдан былай шалғайда жатқан ауылдармен қатар, ірі кәсіпорындарды энергия көзімен қамтамасыз етпек. Бұған дейін фото - электрлі модульдер тек Еуропада жасалып келсе, енді Қазақстан да табиғаттан энергия көзін алу жолдарын тапты. Өскеменде ашылған «Kazakhstan Sоlar Silicon» зауыты кремнийден дайын өнім шығару әлеуетіне ие болып отыр. Фотоэлектрлік пластиналар мен ұяшық қалыптар да осында өндіріледі. Күннен энергия өндіруге бел буған аталмыш зауыттың жобалық құны 18 млрд. теңгеден асады. Жыл соңында кәсіпорын алғашқы өнімін беруі тиіс. Енді мал шаруашылығынан бастап, аграрлы салада электр қуатын үнемдеу үшін, құс фабрикаларында тәулік бойы электр қуатын пайдаланып отыруға мүмкіндік бар. Бұл күн батареяларын қарапайым халық та арзан бағаға сатып ала алатын болады.

Қорытынды.
Осы Күн жүйесі жайлы зерттеуді қорытындылай келе – Күн бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтыны байқалды. Бұл үлкен дөңгелекті ғалымдар эклиптика деп атаған. 21 наурыз бен 23 қыркүйек күн мен түннің теңелу күні. Ғаламдағы негізгі жарық көздері – жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын. Күн – бізге ең жақын жұлдыз. Күн – аспандағы ең жарық жұлдыз. Күн – кәдімгі жұлдыз. Күн – газды ыстық шар. Ол салмағы бойынша Күн жүйесінің басқа денелерінен 750 есе артық. Сол себепті Күн жүйесіндегі барлық денелерді Күннің айналасында айналып жүр деп есептеуге болады. Сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және орасан зор дене болып табылады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×