Сайтқа кіру Тіркелу

Кітап асыл қазына

Кітап – адамның жан - дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл - ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім - білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.

Замана легіне теледидар ілесті, қоғам көшіне ғаламтор иелік ете бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер еді. Бірақ бір қызығы, теледидар да, ғаламтор да кітаптың орнын алмастыра алып кете алған жоқ. Оқырман санын кемітті деген сөз алмастырды деген сөз емес. Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы немесе адам белсенді ғаламтор қолданушысы болып келуі мүмкін, бірақ оның жан - дүниесінде рухани тұрғыдан кемшіндік болуы да ғажап емес. Мұның жалғыз ғана себебі оның нашар оқырман болғандығында да жатуы мүмкін. Себебі басты рухани байлық – кітапта.

Кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден - бір білім беруші құрал ретінде қала береді. Кітап ғаламтордан уақыт тұрғысынан алғанда ұтылуы мүмкін, бірақ адамға дайын ақпараттарды ұсынушы емес, терең сезімге, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой - өрісін ұштайды.

Ал сонымен бірге кез келген қызметкердің, соның ішінде мемлекеттік қызметкердің шешендік өнеріне де, аудиторияны өзіне қарата, тарта білуіне де кітаптың көмегі өте зор. Өйткені ол – тіл байлығын қалыптастырушы құрал. Осымен бірге кітаптың тәлім - тәрбиелік, имани құндылықтарды адам бойына сіңіре алатындай қасиеті теледидар мен интернеттен жоғары тұрмаса, кем тұрмақ емес.

Демек, кітап – бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние. Ендеше, қоғамның сан - салалы мақсаттарының ішіндегі ажырамас бір мақсаты ол – үнемі жас оқырман тәрбиелеп отыру. Бұл оқу орындары үшін де, басқа да қоғамдық ұйымдар үшін де абыройлы әрі үздіксіз жүре беретін міндет болмақ.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қоғамның рухани құндылықтары

Қоғамның рухани құндылықтары

Білімділік: Адамзаттың руханилық қасиеті жайлы ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту....
Кітап туралы мақал-мәтелдер

Кітап туралы мақал-мәтелдер

Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....
Қазіргі заман жастарын тәрбиелеуде кітапхананың рөлі

Қазіргі заман жастарын тәрбиелеуде кітапхананың рөлі

Кітапхана қашанда және қай уақытта болмасын ең ғажайып керемет кітап мекендейтін, адам ақыл - ойының, парасатының қоймасы болып қалады....
Кітап - сарқылмас рухани қазына

Кітап - сарқылмас рухани қазына

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі Авторы: Саулебаева Ләззат Шакиқызы Санаты: бірінші Білімі: жоғары Сабақтың...
Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу

Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу

Қарағанды қаласы. №23 ЖББО мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Каппаровна Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу Қазіргі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×