Сайтқа кіру Тіркелу

Сыр бойы жыраулық дәстүрінің дауыс диапазонының ерекшеліктері және оны дамыту әдісі

Сабақтың тақырыбы: «Сыр бойы жыраулық дәстүрінің дауыс диапазонының ерекшеліктері және оны дамыту әдісі»
Мақсаты: Жаңаберген Бітімбайұлының шығармашылығымен таныстыру.
Білімділік: Оқушының сөз мәнеріне ден қойып, музыкалық сауатын жетілдіріп, дауыс диапазонын кеңейту.
Білімділігін арттыру.
Дамытушылық:
Есте сақтау қабілетін, қабылдау сезімін жетілдіріп, сөз қорын байытып, сөзбен мақам арасындағы байланысын үйлесімді дамытып жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты:
Жырау шығармашылығы арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу. Оқушыны өз Отанын, елін, халқын, туған жерін сүйе білуге құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап.
Көрнекілік: Музыкалық аспап, үнтаспа, видео, слайдтар.

Сабақтың барысы:
1 бөлім. Ұйымдастыру кезеңі
а/ Оқушының сабаққа әзірлігі. Өткен материалдарды қайталау.
ә/ Күй «Қос қыз»
б/ Дауыс қою жаттығуларымен жұмыс жасау.
в/ Шығарманың мазмұны мен оқушы таныстырады.
« Кереге уық тапқанмен» Т. Ізтлеуов.

2 бөлім. Негізгі бөлім.
Жаңа сабақты түсіндіру
Шығарманы орындап, айтып көрсетіп, талдау жасау.

3 бөлім. Қорытынды.
а/ Сабақты пысықтау
ә/ Оқушыны бағалау
б/ Үйге тапсырма беру.
1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.
а/ Оқушымен сәлемдесіп, оқу құралын тексеріп, дұрыс отыруын қадағалаймын.
ә/ «Қос қыз» Мырза. Күйші және күйдің шығуымен оқушы таныстырады.
Мырза 1850 жылы Аралдың Қарақұм аймағындағы Жыланды деген жерде дүниеге келіп, 1934 жылы өмірден озған. Күйшінің жастық шағы баба теңіздің жағалауында өтті. Күйлерінің тақырыптары әр түрлі. Бүгінгі таңда бізге 20 дан астам күйлері жеткен. Сол күйлерінің бірі «Қос қыз». Мұның аңызында Мырза Қос қыздың жорғаға мініп жайқалып бара жатқанын қызықтап, ақырында «Қос қыз» күйін шығарған.

Оқушыға күйді ойнатып, қателіктері болса ескерту жасаймын. Үнтаспадан күйді тыңдатамын.
б/ Дауыс қою жаттығуларымен жұмыс жасау.

Оқушының дауыс ерекшелігіне байланысты жаттығу жасатамын. Тыныс алуы, әріптердің таза айтылуы мен дауысымен жұмыс жасаймын.

в/ Тұрмағанбет Ізтлеуов - 1882 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылында дүниеге келген. Ол поэзияның барлық жанрына қалам тартқан адам. Шығыс тақырыбына батыл, байсалды еңбек жасаған. Ол ақын, аудармашы, педагог. Үлкен еңбегі «Шахнама» Фирдаусиден аударған аудармасы.
«Кереге уық тапқанмен» Т. Ізтлеуов.

2 - бөлім. Негізгі бөлім.
Сырдың санаулы саңлақтарының ішінде үні аққу құстың әуезіне теңеліп, аты аңызға айналған Жаңаберген жырау 1886 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, «Аманөткел» ауылдық советіне қарасты «Бәйімбет ауылы» атанған Мырза елді мекенінде дүниеге келген. Табиғатынан дарынды, дәрлі Сыр бойына тегіс жайылған «Жыр дүлділі» атанды. Жыраудың жастық шағы сол өлкенің сөз тақысын айырған сөзгер, білгір - шешен, жезтаңдай жыраулардың арасында өтті. Өз әкесі Бітімбай арқалы ақын, ділмар шешен адам болған. Қаршадайынан ауылдың ас тойларынан қалдырмай ертіп жүретін әкесі: Баласына өнер әлеміне жол ашты. Қисса, дастандарды жырлады. Оның Мырзаста жыраулық мектебі болды. Сырдың көптеген жыраулары: Жиенбайдың Рүстембегі, Жүсіптің Мұзарабы Жаңаберген жыраумен творчестволық байланыста болған.
Жаңаберген арабша өте сауатты, дауысы кең, үні қоңыр, жыр айтқанда түсінікті, тартымды етіп айтатын болған. Совет өкіметі тұсында жырау ел басқару белсенділік ісіне көбірек араласқан. Ол орман тоғай шаруашылығының инспекторы, «Большевик», «Жаңаталап» совхоздарының төрағалық қызметтерін атқарған. 1946 ж дүние салды.

Мұраларының бір бөлігі - жыраудың жыр - күйлері. Жыр - күйлері, жыр мен эпостың өзі сияқты көне дүние. Жырдың мақам – сазы әнге қарағанда әлдеқайда күрделі. Және әр орындаушы өзінше өзгертіп, семіртіп, құбылтып ойнайды. Демек мақам - саз импровизацияға көнетін, жанды/ тірі/ музыка. Ол белгілі бір қалыпқа көне бермейтін, яғни ылғи даму үстінде жүретін жанр. Қазір Бағжанның орындауында Жаңабергеннің «Жыр күйін» тыңдаймыз.
Негізінен бұл кісінің жыр күйлерін Б. Жүсіповтың «Жиделі Байсын», Төлепберген Тоқжановтың «Сырлы сарын» кітабынан табуға болады.
«Кекілік тауынан асу әні» жыр күйін тыңдатамын. Күйдің шығу тарихына тоқталамын.

Кекілік тауы - қазақтың соңғы хандарының бірі, төре тұқымы Абылай тіккен ақ ордадан қалған нышан. Бостандық үшін басын бәйгеге байлап үлбіреген арманмен көз жұмған Кенесары Қасымұлының жантәсілім еткен жері деп куәландырады. Қырғыз манаптары басын алмас бұрын ханнан соңғы тілегін айтқызады: Оның соңғы тілегі Сарыарқаның даласына қасқая қарап тұрып ішкі шері, тарқағанша ән салу болған - дейді, сол елдің әңгімесінде.

Бүгін біз Жаңабергеннің жыр бастауын өтеміз. Бұл атауынан білініп тұрғандай жырды бастау. Негізгі жыраулардың барлығында жыр бастау болады. Жыр бастауда жыршы өзін елге таныстырады, мағлұмат береді.
Әуелі қазіргі кезде Астанадағы муз. колледжде 4 курс оқитын шәкіртім Әбілхан Асылзаттың орындауында жырды тыңдайық.
Өзімнің орындауымда жырды айтып беремін және жырдың нотасына оқушымен бірігіп талдау жасаймын.

3 - бөлім. Қорытынды
а/ Өтілген жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты пысықтаймын.
Жаңаберген жыраудың шығармашылығынан ерекшеліктерді байқадың ба?
Қандай зерттеушілер туралы айтылды?
Бүгінгі өтілген жыр ұнады ма?
ә/ Сабаққа белсенді қатысуын, сұраққа жауап беруін қадағалап, бағалаймын.
б/ Үй тапсырмасы: жырдың мәтінін жаттап, нотасын ойнап келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×