Сайтқа кіру Тіркелу

Эстрадалық өнер

Сабақтың тақырыбы: Эстрадалық өнер
Сәлемдесу.
Оқушылар: Сәлем сізге, сәлем сізге, мұғалім.
Мұғалім: Амансың ба, оқушыларым,
Қал - жағдайың жақсы ма?
Ән сабағы басталады
Бар ма оқу, құралың?
Оқушылар: Ән сабағы басталады
Ән айтуға біз дайын!
Мұғалім: Жарайсыңдар оқушыларым
Ал бастайық сабақты
Оқушылар. До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до.

Сабақтың мақсаты: қазіргі уақытта халық арасында кең тараған музыкалық эстрада өнері туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: Музыкалық іс - әрекет арқылы жеке тұлғаның сезімін оятып, ән айту қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелілігі: Музыкалық шығармаларды түсініп тыңдап, орындай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, танымдық сұрақтар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын, назарларын сабаққа аудару.

Сабақ барысы.
Үй жұмысы.
1. Кино музыка өнері деген не?
2. Қандай мультфильм кейіпкерлерін білесіңдер?
3. Музыкада неше дыбыс бар?
4. Нота сызығы деген не?
5. Кілт не үшін керек және не деп аталады?
6. Ноталар қалай орналасады?

« Айгөлек» әнін тыңдаймыз
Ой шақыру.
- Қандай ән тыңдадық?
- Қандай екпінде орындалады?
- Бұл ән кім орындайды?
- Осындай музыкада айтылатын әндер музыканың қандай түріне жатады деп ойлайсыңдар? (әр оқушы өз пікірлерін білдіріп өтетін тақырыпты ашады.
Жаңа сабақ.
- Иә балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз - эстрада өнері.

Эстрада (француз сөзі «estrade») - қазақша мағынасы «тақтайша үстел». Ол әр алуан сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері 20 ғасырда пайда болды. Қазіргі уақытта халықтың арасында өте тез дамып, әлемге кеңінен тараған. Осы кезде көптеген жаңа әндер дүниеге келді. Эстрадалық жанр музыкалық көркемделуі жағынан күрделі болғанымен, орындалуы жеңіл. Вокалдық әндер мен кәсіби классикалық әндерді арнайы музыкалық білімі бар адамдар ғана айта алады. Ал эстрадалық әнді кез келген арнайы музыкалық білімі жоқ адамдар да орындап шыға алады. Эстрадалық әнді орындау үшін баланың музыкаға деген қызығушылығы мен музыканы қабылдау және орындау қабілеті болса болғаны.
Эстрада жанрына қазір мүмкіншілік мол, техника дамыған осы заманда кімге еліктеп, қалай қарап, қайтіп айтам десе де өз еріктері. Бірақ, бір ескеретін жағдай – қанша эстрада болса да өз ұлтының дәстүрі, тілі, ұлттық менталитеті, ұлттық нақышы аңқып тұруға тиіс. Халық әндерін орындау эстрада әндерін айтудың өзіндік ерекшелігімен, тамашалығымен ерекшеленеді. Бірақ, дауыс шығару, техникалық орындау тәсілдері классикалық бағытта тәрбиеленген орындау тәсілдерінен айырмашылығы мол. Қай бағытта болса да ән орындаудағы негізгі мақсат – дауыс құлаққа жағымды, қысылып - қымтырылмай дауысты дұрыс тәрбиелеп, еркін меңгеру болып табылады.
Оқулықпен жұмыс.
Қазақстанда эстрада өнері. «Алатау»,, «Дос - Мұқасан», «Гүлдер» эстрадалық ансамбльдері құрылды. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Роза Бағланова, Ескендір Хасанғалиев, Алтынбек Қоразбаев т. б. композитор әншілер эстрада өнеріне көп еңбектерін сіңірді және дамуына үлес қосты.
- Қане балалар мына сұраққа жауап беріңдерші
- Қазақстанда қазіргі жас танымал қандай эстрадалық топтарды білесіңдер?
- Қандай әншілерді сүйіп тыңдайсыңдар?

Музыка сауаттылығы: «си» нотасына анықтама. Си нотасы Үшінші сызықтың бойында жазылады.
Нота дәптерімен жұмыс: нота дәптерлеріне «си» нотасын салып үйрену.

Тапсырмалар орындау:
Ойла, жинақта, түйінде!
Жұмбақ жасыру.

Орындалсын асқақ ән
Қандай нота бастаған? \до\

Жаттығулар жасауға көмектескен
Қандай нота құлақтың үнін тескен?\ля\

Ми мен сольдың жолдасы
Қандай нота болғасын?\фа\

Домбыраның ішегінің бірімін
Ноталардың ортасында жүремін
Менімен әркез скрипка кілті де
Менсіз ол кілт басталмайды білемін?\соль\

Ре мен бірге күн кешкен
Фа сіңілім бірге өскен
Асқан бірге белестен
Мен қандай нотамын?\ми\

Бес сызықтың астында
Орналасқан жайы бар
До - ның ылғи қасында
Қатарланған жолы бар?\ре\

Сергіту сәті. Иілеміз оңға біз
2. «Біліміңді байқап көр».\топпен және жекелеген оқушылармен жұмыс жасау\электронды оқулықпен жұмыс.

Жекелеген оқушыларға топшамаларға тапсырма жазылып ұсынылады.
Тапсырма.. Әр нотаның қасына жалғап сөз құрастыру.
До -
Ре -
Ми -
Фа -
Соль -
Ля -

Ән үйрену. Ақ мамам ә. Дүйсенбиев
ә. Ә. Бейсеуов
Бұл әнді бұрын естідіңдер ме?
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман - сау жүр ақ мамам

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді

Өзің маған мият - күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты

Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін

Ән төрт шумақты, бір қайырмадан тұрады. Әнді бер рет оқушылармен айтып шығамыз.
- Ән не туралы, кімге арналған?

Шығармашылық тапсырма:
1. Өз сөздеріңмен «Анаға» деген ықыласыңды қалай жеткізер едің? (сұрақтарға жауап алу)
Түйіндеу. «Жоғалған нотаны тап!» дидактикалық ойыны.
1. до, ре, фа, соль, ля си (ми)
2. ре, ми, фа, соль, ля си (до)
3. ми, фа, соль, ля, си, до (ре)
4. до, ре, ми, соль, ля, си (фа)
5. до, ре, ми, фа, ля, си (соль)
6. до, ре, ми, фа, соль, си (ля)
7. си, соль, фа, ми, ре, до (ля)
Бағалау. Үй тапсырмасы. «Ана» тақырыбына 1 шумақ өлең құрастырып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×