Сайтқа кіру Тіркелу

1 мамыр Халықаралық ынтымақтастық күні

Сабақтың тақырыбы: 1 мамыр Халықаралық ынтымақтастық күні
Сабақтың мақсаты: Мерекелік күндердің шығу тарихын баланың бойына сіңіру, әңгімелеу. Әр ұлттың әуенін тыңдата білуге баулу.
Білімділік мәні: Музыкалық шығармалардың шығу тарихын насихаттау.
Дамытушылық: Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке музыкалықшығармаларды тыңдау арқылы тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Әңгімелеу, әндету, тыңдау, музыкалық сауат ашу.
Көрнекіліктері: Магнитофон таспалары, ән тексті, слайд көрсетілімдері.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, шешендік өнер.
Пайдаланған әдебиет: «Музыка» оқулығы 5 сынып оқулығы.

Сабақ барысы:
Әуенмен амандасу: «Саламатсыз ба!» «Көңіл күйлерің қалай?» «Ән сабағына деген дайындықтарың қалай?» «Ендеше сабағымызды бастайық»

Үй тапсырмасын сұрау.(Тақырып: Ғарышқа сапар)
(Ән: Космонавт боламыз )
Ән айтпастан бұрын дауыс жаттығуын жасап алайық. (аспаптың сүйемелдеуімен)
Топқа бөліну. «Ынтымақ» «Бейбітшілік» «Бірлік» «Ақ көгершін»
Орналасып болған соң, өз топ аттарына толық мағлұмат беру және мақал айту. Мысалы:
Слайдқа назар аударайық.

Бұрын 1 мамыр еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп аталды. Өйткені ХІХ ғасырда ауыр еңбекке жегілген адамдар көп болды. Жұмысшылар өндіріс орындарында 11 - 12, кейбір жерлерде 15 сағаттық жұмыс жасаған. Содан 1886 жылы 1 мамырда Чикагода Американың жұмысшылары ереуілге шығып, өз құқықтарын қорғауды, жұмыс уақытын 8 сағатқа дейін азайтуды талап еткен. Ол шеру полициялармен қақтығысқа ұласып, қантөгіспен аяқталған. Кейін көтерілісті ұйымдастырушылар жазаға тартылған. Және сол кездегі билік бірнеше адамды өлім жазасына кесіп, дарға асқан. 1889 жылы ІІ Интернационалдың Париж конгресі Чикаго жұмысшыларының ереуілі болған күнді жыл сайынғы шеру болатын күн деп шешім қабылдаған. Бірінші рет 1890 жылы Австро-Венгрия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция және басқа бірқатар елдерде еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні аталып өткен. Міне, осы оқиғалардан - ақ бұл күн қандай қантөгістермен, қуғын - сүргінмен келгенін көреміз.

Ал Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң, 7 қараша, 23 ақпан секілді бірқатар мейрамдарды алып тастады. Дегенмен халықтың қолдауына ие болған, елге қажетті мейрамдардың атауы өзгертілді. Соның ішінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1 мамыр халықтар бірлігі күні болып бекітілді. Шынымен де, бірлігі бар халықтың тірлігі болады. Көп ұлтты елдің келісімін сақтау мақсатында 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мемлекетімізде 130 - дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі өз бетімен келген жоқ. Әр түрлі қоғамның саясатымен, патшалық Ресейдің жер аударуымен, одан кейін Ұлы Отан соғысы уақытында Сталиннің жарлығымен келді. Кавказдағы халықтарды бір - ақ күнде жер аударып, Қазақстанға әкеліп орналастырды. Еділ бойынан немістерді көшірді. Қиыр Шығыстан кәрістерді еріксіз қоныс аудартты. Олардың барлығы осы жерге үйреніп, өз Отаным деп санайды. Қайсысымен тілдессеңіз де, барлығы да «Қазақстаннан басқа қандай Отаным бар?!» деп айтады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің басқаға ауысып жойылуына қарсымыз. Сондықтан, біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда, халықтар арасындағы тұрақты бейбіт қарым - қатынастың ғана сақталуын емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттің өзін дамытуды сақтауды білдіреміз». Бірінші мамыр мейрамы ортақ тарих, дәстүрмен біріккен біздің көп ұлтты Республикамыз үшін ерекше қымбат. Біздің жерімізде әрқашан бейбітшілік пен ырыс - береке болсын.
Осы тақырыпқа байланысты туындаған «Дос болайық бәріміз» әні И. Нүсіпбаев(Әнді аспаппен өзім айтып беремін)
Әнді хомен айтқызу.
Енді осы әнді әр топқа бөліп беремін, сол шумақты жаттай отырып, мәтінге байланысты өз ойларыңды сурет бетіне түсіру.
Постер қорғау.
Сергіту сәті: Әр ұлттың әуенін табу, сол әуенге би билеу.
Өз өздеріне бағалату.
Үй тапсырмасы: Әнді жаттау. 1 мамыр мерекесінің тарихтағы орны.
Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бейбіт болсын болашақ

Бейбіт болсын болашақ

1 - мамыр Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын! Бүгінгі кеш ерекше, өйткені 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні...
Татулық достықтың киелі бесігі

Татулық достықтың киелі бесігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Мейрманова Жансая Төленбекқызы...
Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева

Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева

Түпқараған ауданы, Маршал Әбдіхалықов орта мектебінің ән - саз пәні мұғалімі Аманбаева Гүлбану...
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын...
Татулық - достықтың киелі бесігі

Татулық - достықтың киелі бесігі

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі -...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×