Сайтқа кіру Тіркелу

Қ дыбысы және әрпі

Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: «Қ дыбысы және әрпі».
Мақсаты: Қ дыбысы және әрпімен таныстыру. Қ дыбысына сөз, сөйлем құрау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тілдерін, ойлау қабілеттерін арттыру. Таза, ұқыпты жазуға, ертегі, тақпақ, ойын арқылы сөздік қорларын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, көрнекілік, сахналау, тақпақтар айтқызу.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Психологиялық дайындық жасау.
Өткен сабақты пысықтау.
Балалар, өткен оқу іс - әрекетімізде қандай дыбысты білдік?
а) О дыбысы туралы кім айтып береді?
ә) О дыбысы бар сөздерді буынға бөліңдер.
б) О дыбысы бар сөздерді текшемен жазу.
г) кім оқып береді?

Ұйымдастырушылық - ізденіс кезеңдері

1. Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырайын.
1. «Өзі қатты жасыл,
Іші тәтті қызыл».
2. «Итке ұқсас пішіні,
Жаратпайды кісіні».
3. «Жапан түзде жалғыз өзі жортады».
4. «Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар».
2. қарбыз, қасқыр, қоян, қозы деген сөздердің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
Олай болса, «қ» дыбысымен танысамыз. «Қ» әрпін көрсету. «Қ» дыбысы кедергімен айтылады. Ол дауыссыз дыбыс. Қандай текшемен белгілейміз? Қандай бояумен бояймыз? Қандай түсті киіз үйдің ішіне қоямыз? Бәріміз және жеке айтып шығайық.
3. Сергіту жаттығуы.
Топқа, орталықтарға бөлу.
4. Әрі қарай 4 орталыққа бөліп тапсырмалар беру.
1. «Таным» орталығы.
2. «Тіл дамыту» орталығы.
3. «Ертегілер» орталығы.
4. «Ойын және шығармашылық» орталығы.
Іс - әрекетті бағалау кезеңі.
Сонымен, балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Қ дыбысына қандай сөздер ойлап табуға болады?
Қ дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Балалар, біздер қ дыбысына байланысты тыйым сөздері бар тақпақтар жарысын өткіземіз.

Қорытындылау.
Бүгін оқу іс - әрекетімізде жақсы жұмыстандыңдар, жақсы жауап бердіңдер. Мен сендерге смайликтер беремін.

БҚО, Жаңақала ауданы, №3 ЖОББҚМ
Оқу іс - әрекетін өткізген МАД «а» тобы тәрбиешісі:
Сағынғалиева Нағиша Тұрарбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×