Атырау облысы, Ақжар ауданы,
№59 "Ақбөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Жолдыгулова Акзина Саясатқызы
Олимпиада мақсаты:
Балалардың өткен оқу іс - әрекеттері бойынша алған білімдерін, тапқырлықтарын байқау. Шығармашылық қабілеттерін әр түрлі тапсырмалар бере отырып зерттеу. Өз - өзіне деген сенімділіктерін, шапшаңдықтарын дамыту. Ой - пікірлерін ортаға салып, сөйлеу мәнерін дұрыс қалыптастыруды одан әрі дамыта түсу.
Жүру барысы:
Өнер - білім бар жұттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды деп Ы. Алтынсарин атамыз жырлағандай, бүгінгі ересек топ балаларымен өткізгелі отырған "Бәрін білгім келеді" олимпиясына қош келдіңіздер. Ендеше "Бәрін білгім келеді" номинациясы бойынша сынға түсіп, өз білімдерін көрсетуден жасқанбайтын сайыскерлерімізбен таныс болайық.
1.
2.
3.
Міне. біздің сайыскеріміз алдарыңызда. Олай болса осы сайыста білімдерін тексеріп, шапшандылықтарына тандана қарап тамсанатын және де әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
Сайыскерлерімізге реттік нөмерін беру үшін әділ - қазы мүшелерінің алдындағы нөмерлерді тандауды сұралады. (номер суырады)
1. Сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін
1 Мәнерлеп оқу, көркем сөз.
2. Антоним сөздер яғни қарама - қарсы сөздердің жұбын тауып айту.
3. 2 - 3 сөзден сөйлем құрау (схема бойынша)
4. Сурет арқылы ертегі, әңгіме үзіндісін танып білу және олардың атын, авторын атау, қысқаша мазмұнын әңгімелеу.
5. Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
6."Жұбыңды тап" карточка бойынша жұмыс.
7."Ғажайып дорба" заттарды сипаттау.
атын атау, түсі, пішіні, неден жасалғанын, құрлысын атау, не үшін қолданатынын, не істеуге болады.
Сайыс бөлімдерімен таныс болдық, сайыскерлеріміз білімдерін шындауға дайын болса "Бәрін білгім келеді" атты олимпиадамызды бастайық.
1 - бөлім "Мәнерлеп оқу, көркем сөз"
Шарты: Балалар өздері жаттаған көркем сөздерін мәнерлеп айтып авторын айтады.
2 - бөлім Антоним сөздер.
Шарты: Бала келіп конверт суырады, Тәрбиеші берілген антоним сөздерді оқып береді, ал бала кері қарама - қарсы сөзді айтып отырады.
Биік – аласа, Жақын – алыс, Ұзын – қысқы, Тез – баяу, Алды – арты, Ақ - қара
Таза – лас, Дос – қас, Ыстық - суық
Бар – барма, Жарық – қараңғы, Іші – сырты
Әдемі - әдемі емес, Жуан – жіңішке, Алыс - жақын
Үсті – асты, Сүйкімді - сүйкімсіз, Құрғақ - ылғалды
Ащы – тұщы Кең – тар Сәнді – сәнді емес
3 - бөлім Сөйлем құрау.
Шарты: Бала қағаз суыруады берілген схема бойынша сөйлем құрайды. 2 - 3 - сөзден.
---------- ------------.
Балаларымыз дайындалып ойлануға уақыт берелік, осы уақыт аралығында ортаға өз өнерлерін ортаға салатын ортаңғы топ «Қарлығаш» тобынын биін тамашалайық
4 - бөлім. Сурет арқылы ертегі, әңгіме үзіндісін тану.
Шарты: Берілген тапсырма бойынша әңгіме немесе ертегі үзіндісін танып, олардын атын, авторын атау, қысқаша мазмұнын әңгімелеу.
5 - бөлім. "Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Шарты: Балалар сурет суыру арқылы тандаған мазмұнды сурет бойынша толықтырып әңгіме құрастырады.
6 - бөлім "Жұбын тап"
Шарты: Карточка бойынша жұмыс. Көрсетілген суреттерді толықтырып салу.
7 - бөлім "Ғажайып дорба"
Шарты: Дорбадан қолын салып тандаған заттарына сипаттама жасайды, оның атын, түсі пішіні, неден жасалғаны, құрлысын, не үшін қолданылады, не істеуге болады деген сұрақтарға толық жауап беруі.
Слайдын жүктеу
Бәрін білгім келеді
- aiboll
- 26 ақпан 2016
- 5625
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ойын сабақ, бәрін білгім келеді, балабақшаға арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Өнер-білім бар жұрттар
Өнер - білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып - жұмғанша, Жылдам хабар алғызды....Біз мектепке барамыз
Олимпиада мақсаты: Балалардың өткен оқу іс - әрекеттері бойынша алған білімдерін, тапқырлықтарын байқау. Шығармашылық қабілеттерін әр түрлі...Paint-қа саяхат
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық,...Бәрін білгім келеді
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым...Ойын ойнап, ән салмай, Өсер бала болар ма!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 "Балдырған" балалар бақшасының Музыка жетекшісі: Марат Роза Маратқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.