Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Білімдік саласы: Қатынас
Тараулар: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты:Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету.
Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру. Олар қыстың суығынан қалай қорғанатынын, сыртқы бейнелері неліктен өзгеретінін, немен қоректенетін, қыста жануарларға қамқорлық қажет екенін айтып түсіндіру. Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: аңдардың суретімен плакат, қыстың суреті, пазлы, аңдардың суреттері жеке тақтада, балаларының суреттері үстел үстінде, тақтада үйлерінің суреттері, аңдардың суреттері басқа үстелде. Пазлы.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шеңбер құрып тұрып,
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік. Бір – біріне қарап күлімсірейді.
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме?
- Бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміз тіл дамыту. Өткен сабақты қайталап кетейік.
Өткен сабақта құстардың тіршілігімен таныстық.
- Балалар қыстап қалатын құстарды еске түсірейік.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Сендерге қыс ұнай ма?
Қандай ойындарды біз далада ойнаймыз?
Ал қыстағы орманды мекендейтін жабайы аңдардың білесіңдер ме?
- Балалар орманға жабайы аңдардың қысқы өмірімен танысуға барамыз ба, онда көздерімізді жұмайық, онға дейін санайық.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 көзімізді ашайық.
- жабайы аңдар
- аю, қоян, түлкі, қасқыр...
Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, жауабын табыңдаршы:
1. өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу
Бұл не? (түлкі)
2. Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? (аю)
3. Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді. Бұл не? (тиін)
4. Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине. Бұл не? (кірпі)
Ал, енді суретке қарап отырып атаңдаршы?
Бір сөзбен қалай айтамыз? Жабайы жануарлар.
Енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын, ойынды ұнатасыңдар ма?. Пазлы ойының ойнаймыз. Пазлыны құрастыру. Қандай сурет болып шықты?
Қыста орманда олар тоңады ма? Неге тоңбайды?
Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?
Неліктен?
Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек?
Қыс бойы ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып бере ме?
Тиін - қыста өзі жинаған саңырауқұлақтар, жаңғақтармен қоректенеді.
Түлкі - қар астындағы тышқандармен қоректенеді.
Қоян - ағаштардың қабығын кеміреді.
Қасқыр - әлі жететін аңдармен қоректенеді.
Аю - қыс бойы ұйықтайды.
Кірпі қыс бойы ұйықтайды.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Құлпынайын алайық.
Қалтамызға салайық.
Ойын ойнайық: «Үйшігін тап» деген.
Мына жерде аңдардың үйшіктері, бірақ қай үйшік қайсынікі екен, өздері де шатасып қалыпты, кәне көмектесіп тауып беріңдерші?
Ал, енді атап кетейік:
Аю – апанда,
Түлкі - інінде,
Қасқыр – апанда,
Тиін – ағаш қуысында,
Кірпі – інінде.
- Осы жабайы аңдардың балалары бар ма?
Қай аңның қандай баласы бар екен, оны тауып атау үшін мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.
«Анасын тап» деген. Міне аналары, ал балалары адасып қалыпты, кане аналарын тауып беріңдерші?
Балаларын атап кетейік:
Аюдың баласы - қонжық
Түлкінің баласы - жәудір
Қасқырдың баласы - бөлтірік
Қоянның баласы – көжек
Тиіннің – тиін баласы
Кірпінің – кірпі баласы
Бұғының – бұғы бұзауы
Олар жабайы аңдар болса да өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді.
Ал, енді қойылымды көріп тамашалайық.
Аңқау қасқыр.
Қасқыр - К. Жаннұр, Түлкі - А. Асылай, Балықшы - Т. Ерназ.
Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе?
Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қай аң болмасын
біз адамдар қамқоршы болуымыз керек
Қорытындылау.
Бұл аңдарды неге жабайы дейміз?
Қай аң қыста ұйықтап жатады?
Олардың балаларын қалай атаймыз?
Қай аң апанда тұрады? (Аю, қасқыр)
Қай аң інде тұрады? (түлкі, тышқан)
Балаларды мақтау, мадақтау.
Тәрбиеші. Ергебек. Ж
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
- Ергебек Жазира
- 22 ақпан 2016
- 17985
- 0
- 100
Ілмек сөздер: жабайы жануарлардың тіршілігі, пазлы ойыны
Ұқсас жаңалықтар:
Жабайы жануарлардың тіршілік мекені
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата...Балабақшаға арналған сабақ жоспары
Жабайы аңдар және құстар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдарды айыра білуге атай білуге үйрету. Балаларға жануарлар мен құстардың қысқы...Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін...Жабайы жануарлардың тіршілігі
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Орман жан - жануарларының қысқы тіршілігі
Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.