Сайтқа кіру Тіркелу

Жай сандар және құрама сандар

Жай сандар және құрама сандар
Математика 5 сынып
Мақсаты: Оқушыларға жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру, оларды ажыратуға және есептер шығару барысында тиімді қолдануға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға жай және құрама сандарды үйрету, есептер шығару барысында тиімді қолдану.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымдастырушылыққа, алғырлыққа, дербестікке, еңбектенушілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, математикалық тілде сөйлеуін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сөздік(сұрақ - жауап)
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі материал

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды игерту
IV. Есептер шығару
V. Сергіту сәті
VI. Қатені тап
VII. Арифметикалық фокус
VIII. Сабақты бекіту
IX. Үйге тапсырма беру
X. Бағалау

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) амандасу, түгендеу
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген есептердің шешуін жауабын тауып соның қиылысындағы әріпті жазу. Әріптерден сөздер шығады. Сол сөз бүгінгі жаңа тақырыптың аты.

III. Жаңа материалды игерту
І. Жай сандар
11 санының бөлгіштері: 1, 11
13 санының бөлгіштері: 1, 13
1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.
Мысалы. 101 санының бөлгіштері: 1, 101
Ең кіші жай сан - 2 саны. 2 санынан басқа жай сандар тақ сандар. Сонда 2 саны - жалғыз ғана жұп жай сан. Жай сандар шектеусіз көп.
Айырмасы 2 - ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы, 5 пен 7, 11 мен 13, 17 мен 19 - егіз сандар
ІІ. Құрама сандар.
Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.
Мысалы: 8 саны - құрама сан, бөлгіштері 1, 2, 4, 8
Натурал 1 санының 1 ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі - 1 саны. 1 саны жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.

IV. Есептер шығару
№647 (ауызша)
1) Жай сандар кестесіндегі көп таңбалы жай сандар қандай цифрлармен аяқталған?
2) 0, 4, 6 және 8 цифрларымен аяқталатын жай сан барма?
№ 648 (өз бетімен жұмыс)
Жай сандар: 97, 139, 311, 503, 641, 991
Құрама сандар: 66, 128, 201, 450, 502, 864, 879
№ 657 (тақтамен жұмыс)
Мына сандарды:
1) Екі жай санның қосындысы түрінде жазыңдар: 10, 12, 18
2) Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар: 22, 35, 65

V. Сергіту сәті
Слайдта сандар беріледі. Егер жай сан болса шапалақтаймыз, ал құрама сан болса аяғымызды ұрамыз. 2, 3, 12, 11, 20, 15, 9, 13, 5, 16, 19, 8

VІ. Қатені тап
24 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 5, 8, 12, 24
7 санының еселіктері: 7, 14, 21, 28, 34, 35, 48, 56
21 санының еселіктері: 1, 3, 7, 21
14 санының бөлгіштері: 14, 28, 42, 56

VIІ. Арифметикалық фокус
• Ислам, сен мына парақ қағазға кез келген үш таңбалы санды жаз. Қағазды Наргизаға бер
• Наргиза, сен оң жағына сол санды қайтадан жаз. Алты таңбалы сан шығады.
• Рамазан сен бұл санды 7 - ге бөл.
• Арман, шыққан санды 11 - ге бөл.
• Айсара, шыққан санды 13 - ке бөл.
• Нұржігіт шыққан санды оқы. Ислам қандай санды жазды екен, Ислам дұрыс па?
Енді мен түсіндірейін. Мысалы 872 деген сан ойластырылсын. Сонда, 872872=872000 + 872=872*1000+872*1=872(1000+1)=872*1001. 1001=7*11*13. Сөйтіп, әуелде жасырын жазылған сан 1001 - ге көбейтілген, содан кейін қайта 1001 - ге бөлінген. Сонда алғашқы жасырын сан шығады.

VIІІ. Сабақты бекіту.
Семантикалық карта

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Жамбыл ауылы, Жамбыл мектеп - балабақшасының
математика пәнінің мұғалімі Сейтбаева Мөлдір Санатыллақызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×