Сайтқа кіру Тіркелу

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар интеллектуалды ойын

Жалпы білім беретін Оян орта білім беретін мектебі
Н. О. Муханбетжанова

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалды ойын (6 - 8 сыныптар арасында)

Мақсаты:
А) Білімділік: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру:
Б) Тәрбиелік: оқушыларды өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты айта білуге үйрету; шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
В) Дамытушылық: оқушылардың зеректігін, тапқырлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Power Point бағдарламасында құрылған презентация, математика туралы ақын жазушылардың сөздері.

Сайыстың басталуы, мұғалім:
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
1. Танысу сәті
2. «Қас - қағым сәт»
1. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен не өзгермейді?
2. Жай бөлшекті қалай көбейтеміз?
3. Пропорция дегеніміз не?
4. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан?
5. Кез келген санның нольмен қосындысы неге тең?
6. Бүтін сандар жиынында қандай сандар жиыны жатады?
7. Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?
8. Оң санның модулы неге тең?
9. Бұрыш дегеніміз не?
10. Қарама қарсы санның қосындысы неге тең?
11. Оң санмен теріс санның қайсысы үлкен?
12. Аралас сан дегеніміз не?
13. Доғал бұрыш дегеніміз не?
14. Рационал сандар жиынына қандай сандар жиыны жатады?
15. Сүйір бұрыш дегеніміз не?
16. Рационал сандарды қосу дегеніміз не?
17. Рационал сандарды көбейту дегеніміз не?
18. Рационал сандарды бөлу дегеніміз не?
19. Рационал сандарды азайту дегеніміз не?
20. Санның модулы дегеніміз не?

3. Ойлан, тап
1. Үстелде фигура үшбұрыш, ромб, дөңгелек, квадрат қатар жатыр. Олардың түстері – жасыл, сары, көк, қызыл. Егер қызыл түсті фигура жасыл және көк түстің арасында жатқан болса, сары фигураның оң жағында ромб жатса, дөңгелек үшбұрыш пен ромбының оң жағында жатса, үшбұрыш шетінде жатпаса және көк түсті фигура сары түсті фигураның қасында жатпаса, онда фигуралардың қандай ретпен жатқанын және олардың әрқайсысының түсін анықта.
Ж. Столда сары квадрат, жасыл ромбы, қызыл үшбұрыш, көк дөңгелек
2. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ. кім кімнен кейін тұр?
Жауап: Асан, Нұрлан, Қанат, Мақсат, Омар
3. 15 санының оң және сол жағына бір - бір цифрден тіркеп жаз, сонда шыққан сан 15 - ке бөлінетін болсын

4.“ Бұл қай ғалым?”
1. Француз оқымыстысы, философ және математигі. Бұл математик ең алғаш рет оң және теріс сандар туралы түсінік берген, тік бұрышты координаталар жүйесін ашқан ғалым. Бұл кім?
2. VІІ ғасырда Германияда туған. Мұғалім сабақ үстінде оқушыларға “ 1 - ден 100 – ге дейінгі натурал сандардың қосындысын “ табуды тапсырыпты. Сонда бір бала 5050 – ге тең деп жауап беріпті. Сол бала әлемге әйгілі математик болған екен. Бұл кім?
3. Бөлу амалын (:) таңбасын ашқан, пропорцияның қазіргіше жазуын енгізген неміс физигі, өнер тапқышы, әрі математигі. Бұл кім?

5. Кім жылдам?
1. Пойыз құрамында 10 вагон, ал олардың әрқайсысында 50 орыннан бар. Егер пойызда 300 жолаушы болса, поезда қанша бос орын бар?
2. Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өрмелеп шығады және түнде 4 м төмен түседі. Ол биіктігі 19 м үйдің төбесіне, жерден бастағанда, қанша күнде жетеді?
3. 1 - ден 99 - ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған. 5 цифры қанша рет кездеседі?
4. Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа көтерілуге неше басқышқа көтерілесіз?

5. Ғажайып алаң
....... жақсы қас болмас,....... жаман дос болмас.
Досыңды...... күн сынама,..... жыл сына.
Білгенің бір......., білмегенің.............
...... рет айтқанмен,....... рет көрсеткен артық.
........ ала болса ауыздағы кетеді,...... түгел болса төбедегіге жетеді.

6. Полиглот
1. Бір тәулік аптаның; 2) Бір ай жылдың; 3) Бір жыл ғасырдың қандай бөлігін құрайды?

2. Бір сабақтың ұзақтығы 45 минут. Бір сабақ 1 сағаттың қандай бөлігін құрайды?

7. Кім алда?
Қорытындылау. Әділ қазылар алқасы. Бағалау.

Педагогикалық ұстаным: Ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың
"Жай мұғалім хабарлайды;
Жақсы мұғалім түсіндіреді;
Керемет мұғалім көрсетеді;
Ұлы мұғалім шабыттандырады"
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×