Аманкелді атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Б. Алмахан
Сабақтың тақырыбы: Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелері.
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға өрнек ұғымымен таныстыру.
б) оқушыларға арифметикалық өрнектердің жазу ережелерін үйрету
с) оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушыларға өтілген тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар қою.
1. Айнымалы дегеніміз не?
2. «Тип» ұғымын қалай түсіндіресіңдер?
3. Айнымалының қандай түрлері бар?
4. Программалау тілінде айнымалыны жазу үшін қандай қызметші сөз қолданылады?
5. Жолдық айнымалы қанша символды қабылдайды?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Программалау тілінің операторында айнымалылармен қатар өрнектер де қолданылады.
Өрнек – арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығы.
Өрнек
↓
• Арифметикалық өрнек
Тұрақтылардан, айнымалылардан, математикалық функциялардан, арифметикалық амалдар мен жақшалардан тұрады.
• Логикалық өрнек
Арифметикалық өрнектен басқа кем дегенде бір логикалық амалдан тұрады.
Паскаль тілінде өрнектердің жазу ережелері:
*Өрнектер бір жолға жазылады.
* Өрнек элементтері арасындағы амалдардың жазылу тәртібі сақталады.
*Өрнектердегі амалдар математикадағы ережеге сәйкес орындалады.
*Амалдардың орындалу ретін ұйымдастыру үшін дөңгелек жақшаларды пайдаланады.
*Қанша жақша ашылса, сонша жақша жабылады.
*Жақшасыз жазылған өрнектерде амалдар солдан оңға қарай тізбектей орындалады. Мысалы: 3*6+12=40, ал 3*(6+12)=40
* Өрнектердегі OR және AND логикалық амалдардың екі жағынан бос орны қалдырады. Мысалы: (х>2) OR (Y=4)
Оқушыларды 1, 2, 3 санау арқылы үш топқа бөлеміз.
1. Өрнектер
2. Арифметикалық өрнектер
3. Логикалық өрнектер
Әр топқа тапсырма беріледі.
1 - тапсырма. Сәйкестендіру кестесі.
Математикалық жазылу түрі ------------- Паскаль тілінде жазылу түрі
(а*в+с*d)/(d - c)
а ² +4abc
Толық нұсқасын жүктеу
Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелері
- aiboll
- 3 ақпан 2016
- 6775
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өрнек, арифметикалық амал, таңбалар, логикалық өрнек, амалдардың орындалу реті
Ұқсас жаңалықтар:
Санды өрнек
Санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады; Қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнектерді оқу мен...Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге...Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы...Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі
ШҚО, Семей қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп Абылхасымова Ұ. Ж....Стандартты функциялар
Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.